Ресей БРИКС құрамын кеңейтуде Беларусь пен Қазақстанға ерекше назар аударады

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуФлаги стран БРИКС
Флаги стран БРИКС - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Жазылу
БРИКС саммиті 22-24 тамызда Йоханнесбургте өтті
АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. БРИКС-тің құрамын кеңейту туралы келесі талқылауда Ресей Беларусь пен Қазақстанға басымдық береді, деп хабарлады РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.
"Қазақстан мен Беларусь біздің жақын серіктестеріміздің арасында, әрине, біз бұл елдерге басымдық береміз", - деді РябковРИА Новости-ге.
"Россия сегодня" медиа тобы ұйымдастырған баспасөз мәслихатында СІМ басшысының орынбасары Йоханнесбургтегі БРИКС саммитінің қорытындысы туралы айтты.
Брикстің кезекті саммиті Йоханнесбургте 22-24 тамызда Оңтүстік Африканың төрағалығымен өтті. Саммит барысында Оңтүстік Африка президенті Кирилл Рамафоса Аргентина, Египет, Иран, Эфиопия, БАӘ және Сауд Арабиясының БРИКС құрамына ресми шақырылғанын мәлімдеді. Ол 2024 жылдың 1 қаңтарында БРИКС-ке жаңа елдер мүше ретінде қосылатынын айтты.
Қазіргі уақытта БРИКС-те Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка мүше, соңғы уақытта 23 мемлекет экономикалық блокқа қосылуға ниет білдірді, оның ішінде алты мемлекет шақырту алған.
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Президент "Брикс Плюс" саммитінде бастама көтерді
Жаңалықтар
0