Мәдениет

Астанада Ибн Синаның ескерткіші ашылды – фото

© Photo : ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіАстанада Ибн Синаның ескерткіші ашылды
Астанада Ибн Синаның ескерткіші ашылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Жазылу
Ұлы ойшылдың бюстін тәжік шеберлері жасаған
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Астанада Тәжікстанның мәдениет күндері аясында ұлы ғалым әрі ойшыл Әбу Әли Ибн Синаның ескерткіші салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
© Photo : ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіАстанада Ибн Синаның ескерткіші ашылды
Астанада Ибн Синаның ескерткіші ашылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Астанада Ибн Синаның ескерткіші ашылды
Салтанатты рәсімге Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Тәжікстан мәдениет министрі Зульфия Давлатзода, сондай-ақ Астана әкімдігінің өкілдері, Қазақстан мен Тәжікстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
"Бүгін елдеріміздің арасында екіжақты қатынастар тарихындағы өте маңызды күн. Ибн Сина – бүкіл Орталық Азияның мақтанышы, сондықтан бұл ескерткіш біздің елдеріміз арасындағы терең тарихи байланысты көрсетеді", - деді Асхат Оралов.
Ескерткіш Алматы ауданындағы А. Храпатый көшесі, 9 жанындағы саябақта орнатылған. Қола бюсті тәжік шеберлері жасаған, ал гранитті тұғырды елорда әкімдігі ұсынған. Ескерткіштің биіктігі – 3,1 метр.
© Photo : ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасө қызметіАстанада Ибн Синаның ескерткіші ашылды
Астанада Ибн Синаның ескерткіші ашылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Астанада Ибн Синаның ескерткіші ашылды
Министрдің айтуынша, монументтің ашылуы – Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндері аясында өтетін іс-шаралардың бірі. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында кино көрсетілімдері, концерттер мен көрмелер өтіп жатыр. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін де өткізу жоспарланған.

Жаңалықтар
0