https://sputnik.kz/20230824/sultan-beybarystyn-mereytoyyna-183-mln-tenge-zhumsalady---atyrau-akimdiginin-tusiniktemesi--37910455.html
Сұлтан Бейбарыстың мерейтойына 183 млн теңге жұмсалады - Атырау әкімдігі түсінік берді
Сұлтан Бейбарыстың мерейтойына 183 млн теңге жұмсалады - Атырау әкімдігі түсінік берді
Sputnik Қазақстан
Қаржының басым бөлігі "Бейбарыс" спектаклін сахналауға кетеді 24.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-24T11:53+0500
2023-08-24T11:53+0500
2023-08-24T12:20+0500
атырау облысы
сұлтан бейбарыс
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18894133_0:0:2992:1683_1920x0_80_0_0_cef70c1b5d5b9612a6b18d5b8dbf92df.jpg
АЛМАТЫ, 24 тамыз – Sputnik. Атырау облысының әкімдігі Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына 183 млн 868 мың теңге жұмсайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әкімдіктің айтуынша, қомақты қаржыға өтетін шара да сан-алуан.Сондай-ақ Отарбаевтың "Бейбарыс" қойылымының Астана қаласындағы гастрольдік сапарына 19 млн 837 мың теңге беріледі."Бұл театрдың гастрольдік сапары Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің ұсынысына сай, Каир қаласында ұйымдастырылады. Ол үшін 70 млн 609 мың теңге қарастырылды. Сапар барысында жазушы Рақымжан Отарбаевтың "Бейбарыс" спектаклі сахналанады", - дейді ведомство.Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы аясында Халықаралық ғылыми конференция да өтеді. Оған 36 млн 842 мың теңге қаржы қарастырылып отыр екен."Ұлы билеушінің тарихи тұлғасы мен тағылымды ғұмырын кенеп бетіне түсіру үшін өтетін республикалық суретшілер симпозиумын ұйымдастыруға 18 млн теңге жұмсалады", - деп қосты Атырау облысы әкімдігі.183 млн теңге қаражат мақсатты жұмсалуын қадағаланады дейді әкімдік мамандары.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18894133_263:0:2992:2047_1920x0_80_0_0_afff9789db82130f1bf920cf202c00d1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, сұлтан бейбарыс
атырау облысы, сұлтан бейбарыс
Сұлтан Бейбарыстың мерейтойына 183 млн теңге жұмсалады - Атырау әкімдігі түсінік берді
11:53 24.08.2023 (жаңартылды: 12:20 24.08.2023) Қаржының басым бөлігі "Бейбарыс" спектаклін сахналауға кетеді
АЛМАТЫ, 24 тамыз – Sputnik. Атырау облысының әкімдігі Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына 183 млн 868 мың теңге жұмсайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әкімдіктің айтуынша, қомақты қаржыға өтетін шара да сан-алуан.
"Халқымыздың төл өнері айтыс ұйымдастыру үшін 17 млн теңге жұмсалады. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының Р.Отарбаевтың "Бейбарыс" қойылымымен Астана қаласына гастрольдік сапары үшін 21 млн 580 мың теңге жұмсалады", - дейді облыстық әкімдік.
Сондай-ақ Отарбаевтың "Бейбарыс" қойылымының Астана қаласындағы гастрольдік сапарына 19 млн 837 мың теңге беріледі.
"Бұл театрдың гастрольдік сапары Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің ұсынысына сай, Каир қаласында ұйымдастырылады. Ол үшін 70 млн 609 мың теңге қарастырылды. Сапар барысында жазушы Рақымжан Отарбаевтың "Бейбарыс" спектаклі сахналанады", - дейді ведомство.
Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы аясында Халықаралық ғылыми конференция да өтеді. Оған 36 млн 842 мың теңге қаржы қарастырылып отыр екен.
"Ұлы билеушінің тарихи тұлғасы мен тағылымды ғұмырын кенеп бетіне түсіру үшін өтетін республикалық суретшілер симпозиумын ұйымдастыруға 18 млн теңге жұмсалады", - деп қосты Атырау облысы әкімдігі.
183 млн теңге қаражат мақсатты жұмсалуын қадағаланады дейді әкімдік мамандары.