https://sputnik.kz/20230824/qazaqstan-shakhtasynda-zhurnaliske-shabuyl-zhasaldy-aqparat-ministrliginin-ustanymy-qanday-37909184.html
"Қазақстан" шахтасында журналиске шабуыл жасалды: ақпарат министрлігінің ұстанымы қандай
"Қазақстан" шахтасында журналиске шабуыл жасалды: ақпарат министрлігінің ұстанымы қандай
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. "Қазақстан" шахтасында журналист қызға шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал ақпарат және қоғамдық даму... 24.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-24T10:44+0500
2023-08-24T10:44+0500
2023-08-24T10:49+0500
журналист
шабуыл
қарағанды
шахта
https://sputnik.kz/img/07e7/08/18/37907708_0:0:960:540_1920x0_80_0_0_1aae7c96b179458f306f5f79acfaad94.jpg
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. "Қазақстан" шахтасында журналист қызға шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы жағдайды бақылауға алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.18 тамызда ҚазТАГ тілшісі Диана Сапарқызы "Қазақстан" шахтасынының кеңсесіне барып, қаза тапқан кеншілердің туыстарын түсіріп алмақ болған. Журналисті кеңседен шығарып жіберуге бұйрық берілді. Сол кезде бес ер адам журналист қызды қолынан ұстап алып, ғимараттан шығарып тастаған. Барлық затын лақтырып жіберген. Сапарқызы бәрін өзінің ұялы телефонына түсіре бастағанда, біреуі оның қолын қайырып, екіншісі телефонын алып қойған. Ішінде болған видеоларды да жойып жіберген. Бірақ журналист бәрін қалпына келтіріп үлгерді. Сот-медициналық сараптамадан да өтті. Полицияға арыз жазды.Бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы жағдайды бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.Ал Қарағанды облыстық полиция депаратменті таратқан ақпаратқа сәйкес, Диана Сапарқызының арызы тіркелді. Қазіргі кезде қажетті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.Облыстық прокуратура да журналиске шабуыл жасау ісін бақылауға алды.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/18/37907708_84:0:937:640_1920x0_80_0_0_8f9274b70f6f53803a00bbcc9ebebb68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналист, шабуыл, қарағанды, шахта
журналист, шабуыл, қарағанды, шахта
"Қазақстан" шахтасында журналиске шабуыл жасалды: ақпарат министрлігінің ұстанымы қандай
10:44 24.08.2023 (жаңартылды: 10:49 24.08.2023) АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. "Қазақстан" шахтасында журналист қызға шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы жағдайды бақылауға алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
18 тамызда ҚазТАГ тілшісі Диана Сапарқызы "Қазақстан" шахтасынының кеңсесіне барып, қаза тапқан кеншілердің туыстарын түсіріп алмақ болған. Журналисті кеңседен шығарып жіберуге бұйрық берілді. Сол кезде бес ер адам журналист қызды қолынан ұстап алып, ғимараттан шығарып тастаған. Барлық затын лақтырып жіберген. Сапарқызы бәрін өзінің ұялы телефонына түсіре бастағанда, біреуі оның қолын қайырып, екіншісі телефонын алып қойған. Ішінде болған видеоларды да жойып жіберген. Бірақ журналист бәрін қалпына келтіріп үлгерді. Сот-медициналық сараптамадан да өтті. Полицияға арыз жазды.
Бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы жағдайды бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.
"Қарағандыдағы "ҚазТАГ" тілшісі Диана Сапарқызына қатысты жағдайдан ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабардар. Министрлік журналистің қызметіне кедергі келтіру әрекетін құптамайды. Елімізде сөз еркіндігіне шектеу қойылмайды және министрлік бұндай оқиғаларды назарда ұстайды", - делінген ресми хабарламада.
Ал Қарағанды облыстық полиция депаратменті таратқан ақпаратқа сәйкес, Диана Сапарқызының арызы тіркелді. Қазіргі кезде қажетті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Облыстық прокуратура да журналиске шабуыл жасау ісін бақылауға алды.