Интернет саудадағы алаяқтықтан қалай сақтануға болады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуКасса
Касса - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты.
Департаментте киберқылмыскерлердің құрбаны болған тұрғындардың шағымдары жылдан жылға артып келе жатқанын атап өтті. Жыл басынан бері департаментке азаматтардан 3500-ден астам өтініш келіп түсті, кәсіпкерлерге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді және сәйкесінше 120 әкімшілік хаттама жасалды, сондай-ақ тұтынушыларға 90 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Алаяқтықтың ең көп таралған түрі - бұл сайттар мен әлеуметтік желілердегі жарнамалар. Автокөлік аксессуарларын, смартфондар және басқа жабдықтарды, киім мен аяқ киімді, тапсырыс бойынша жиһазды сатып алушылар интернет-алаяқтарға жиі кездеседі. Сонымен қатар, әлеуметтік желі не интернет-дүкен болсын, алаяқтарға тап болу мүмкіндігі бірдей, деп атап өтті спикер.
Алаяқтар өз құрбандарын қалай тартады? Ең алдымен - негізсіз төмен бағамен. Тауарларға тапсырыс беру кезінде көбінесе жедел төлем терминалы арқылы белгілі бір виртуалды әмиянға ақша салу арқылы алдын-ала төлем жасауды сұрайды. Әрі қарай, дүкен бірнеше күн бойы сылтаулар айтып, сізге тауарды жедел жеткізуге уәде береді, содан кейін із-түзсіз жоғалады немесе сапасыз тауар жібереді.
"Алдын-ала төленген өнімді сатып алар кезде, есте ұстау қажет нәрсе ол сенімді интернет-дүкендер сізден виртуалды әмиянға немесе ұялы телефон шотына ақша аударуды сұрамайды. Интернет желісінен дүкен туралы ақпаратты іздеңіз, оның нарықта қанша уақыт болғанын тексеріңіз. Егер сіз ірі дүкендер желісі не өзіңіз білетін компанияның сайты арқылы тапсырыс бермек болсаңыз, браузердің мекенжай жолағында ресурстың мекенжайын дұрыс жазғаныңызға көз жеткізіңіз", - деп кеңес берді Бимурзаев.
Сондай-ақ, тауар сатып алмас бұрын, дүкен әкімшілігінен заңды тұлға туралы деректерді сұратып, алынған ақпаратты салық органдарының жалпыға қолжетімді дерекқорлары мен заңды тұлғалардың тізімін пайдаланып тексеру қажет.
"Онлайн сауда жасамас бұрын, басқа сатып алушылардың пікірлерімен таныс болыңыз. Дегенмен, кей қылмыскерлер қосымша есептік жазбаларды қолдана отырып, өздері туралы оң пікірлер қалдыра алатындығын ұмытпаған жөн. Интернет желісін пайдаланып іздеңіз. Іздеу формасына сатушының телефон нөмірін немесе желілік бүркеншік атын енгізу арқылы, бұл деректердің қолма-қол ақшаны ұрлау және сатып алушыларды алдау мақсатында пайдаланылғанын анықтауға да болады", - деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, сатып алушылар әрдайым тауардың құнына назар аударуы керек, егер баға нарықтық бағадан едәуір төмен болса, онда бұл күдік тудыруы керек.
Жаңалықтар
0