БРИКС-ке бес мемлекет қосылады

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуФлаги стран БРИКС
Флаги стран БРИКС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Жазылу
БРИКС саммиті Йоханнесбур қаласында өтіп жатыр
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. БРИКС қатарына тағы бес мемлекет қосылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бразилиялық UOL порталына сілтеме жасап.
Самиттің қорытынды құжатына сәйкес, бес мемлекет географиялық орналасуына қарай ұйым қатарына қабылданады. Олар - Аргентина, Иран, Сауд Арабиясы, Мысыр мен Біріккен Араб Әмірліктері.
"БРИКС ұйымның тағы бес мемлекетке кеңейетінін жариялайды. Соңғы тізімге Сауд Арабиясы, Аргентина, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері мен Мысыр енді", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Оңтүстік Африка Республикасының сыртқы істер министрі Наледи Пандор БРИКС-тің ұйым қатарын кеңейтуге келіскенін мәлімдеді. Осыған байланысты арнайы құжат қабылданды.
БРИКС саммиті Йоханнесбур қаласында өтіп жатыр. Бүгін - шараның соңғы күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Токаев та саммит жұмысына қатысады.
БРИКС-ке бес мемлекет кіреді. Олар - Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай мен Оңтүстік Африка Республикасы. Қазіргі кезде 23 мемлекет осы экономикалық блокқа қосылуға ниет білдіріп отыр.
Касым-Жомарт Токаев принял участие в Диалоге высокого уровня по глобальному развитию БРИКС+ - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2023
Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады
Жаңалықтар
0