БРИКС елдері азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуФлаги стран БРИКС
Флаги стран БРИКС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Жазылу
БРИКС әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігін күшейту үшін ынтымақтастықты нығайтқалы жатыр
АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. БРИКС елдері бірлестік шеңберінде де, бүкіл әлемде де азық-түлік қауіпсіздігін күшейту үшін ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды қолға алмақ.
Бұл туралы Йоханнесбург саммитінің қорытындысы негізінде қабылданған декларацияда хабарланды.
"БРИКС елдері әлемдік азық-түліктің үштен бірін өндіреді. Сол себепті БРИКС аясында бүкіл әлемде де азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтамыз және БРИКС елдерінде тұрақты ауыл шаруашылығын дамытамыз", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ БРИКС (Бразилия, РФ, Үндістан, ҚХР, Оңтүстік Африка) елдерінің көшбасшылары Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) ашық, адал, ережеге негізделген халықаралық сауда жүйесін қолдайтындықтарын айтты.
Сонымен қатар осы ұйымға мүше мемлекеттердің ғарыш агенттіктерін спутниктік деректерді алмасуда ынтымақтастықты арттыруға шақырды.
БРИКС саммиті Йоханнесбургте 22-24 тамызда өтеді. Іс-шараға Қытай, Үндістан, Бразилия және Оңтүстік Африка басшылары қатысады. Саммитте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді деп күтілуде. Ал Ресей мемлекеті тарапынан СІМ басшысы Сергей Лавров қатысады.
Жаңалықтар
0