https://sputnik.kz/20230823/zhaga-ustatarlyq-zhagday-tzh-ministrliginde-zhemqorlyqtyn-70-in-basshylar-zhasagan-37893940.html
"Жаға ұстатарлық жағдай": ТЖ министрлігінде жемқорлықтың 70%-ін басшылар жасаған
"Жаға ұстатарлық жағдай": ТЖ министрлігінде жемқорлықтың 70%-ін басшылар жасаған
Sputnik Қазақстан
ТЖ министрінің айтуынша, қылмысқа барғандар үздік қызметкерлер қатарынан болған 23.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-23T16:00+0500
2023-08-23T16:00+0500
2023-08-23T16:00+0500
қоғам
төтенше жағдай
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0c/35882064_0:53:1024:629_1920x0_80_0_0_5f9a1e5c3bcc00feba4b187e9552cbc1.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың 70 процентін бөлімше басшылары жасаған, деп хабарлайды Антикор.ТЖМ басшылығымен өткен кеңесте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы сыбайлас жемқорлыққа баратынын мәлімдеді.Ведомство әшкереленген қылмыстардың ішінде парақорлық пен жымқыру фактілері басым екенін атап өтті. Заңсыз сыйақы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру актісіне қол қою кезінде, оқудан өткізу, рұқсат беру және жұмысқа орналасу үшін беріліп отырған.Антикор төрағасының айтуынша, жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға қарамастан, ТЖМ қызметкерлері пара алудан тыйылар емес."Күні кеше Жетісу облысында жергілікті ТЖ бөлім басшысы жұмысқа алған адамнан ақша алғаны анықталды. Бүгінгі іс-шараның өтетінін біле тұра, сонда да қылмысқа барып отыр. Бұл орайда профилактикалық тұрғыда нақты әрекет ету қажет. Қызметкерлердің мінез-құлқын түзетіп, психологиялық көзқарасын өзгерту маңызды", - деп мәлімдеді Жұмағали отырыста.Бұған дейін Антикор ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Шымкент қаласы және Жетісу облысы департаменттері басшыларын ұстаған еді. Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды, тексерілетін ұйымдарды келісімшарт жасасу жолымен қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеп, олар бойынша уақтылы ақы төлеуін қамтамасыз етті деген күдікке ілінді.Басшылық құрамның қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық фактілері Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында да тіркелді.ТЖ министрі ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін түбегейлі қадамдар жасайтынын мәлімдеді."Бұл біздің қызметкерлер үшін жаға ұстатарлық жағдай. Аталған адамдар белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген үздік қызметкерлердің қатарынан болатын. Дегенмен осы жағдайда олардың біз білмеген теріс қасиеті – екіжүзділігі әшкереленді. Айтылып өткен деректерге қатаң сынмен қараймыз. Бұдан біз тиісті сабақ аламыз, қарапайым өрт сөндірушілер бізге сеніммен қарауы керек" - деді Сырым Шәріпханов.Антикор ТЖ министрлігіне жеке құрам арасында жүргізілетін алдын алу жұмыстарын күшейтуді ұсынды."Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, проблемалық учаскелерді зерделеу, сондай-ақ ведомствоның барлық қызметкерін адалдық тұрғысында тексеруді апробациялау қажет" - деді Асхат Жұмағали.
https://sputnik.kz/20230614/alapat-ort-bas-prokuratura-ilin-akhmetov-urankhaev-zhane-suleymenovadan-zhauap-alady-35934874.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0c/35882064_58:0:967:682_1920x0_80_0_0_5890a99302788fa4f736d19c7a6dff91.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай, сыбайлас жемқорлық
төтенше жағдай, сыбайлас жемқорлық
"Жаға ұстатарлық жағдай": ТЖ министрлігінде жемқорлықтың 70%-ін басшылар жасаған
ТЖ министрінің айтуынша, қылмысқа барғандар үздік қызметкерлер қатарынан болған
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың 70 процентін бөлімше басшылары жасаған, деп хабарлайды Антикор.
ТЖМ басшылығымен өткен кеңесте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы сыбайлас жемқорлыққа баратынын мәлімдеді.
"Соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары еліміздің барлық өңірінде жасалған. Басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қостанай және Алматы облыстарында", - делінген Антикор мәлімдемесінде.
Ведомство әшкереленген қылмыстардың ішінде парақорлық пен жымқыру фактілері басым екенін атап өтті. Заңсыз сыйақы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру актісіне қол қою кезінде, оқудан өткізу, рұқсат беру және жұмысқа орналасу үшін беріліп отырған.
Антикор төрағасының айтуынша, жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға қарамастан, ТЖМ қызметкерлері пара алудан тыйылар емес.
"Күні кеше Жетісу облысында жергілікті ТЖ бөлім басшысы жұмысқа алған адамнан ақша алғаны анықталды. Бүгінгі іс-шараның өтетінін біле тұра, сонда да қылмысқа барып отыр. Бұл орайда профилактикалық тұрғыда нақты әрекет ету қажет. Қызметкерлердің мінез-құлқын түзетіп, психологиялық көзқарасын өзгерту маңызды", - деп мәлімдеді Жұмағали отырыста.
Бұған дейін Антикор ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Шымкент қаласы және Жетісу облысы департаменттері басшыларын ұстаған еді. Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды, тексерілетін ұйымдарды келісімшарт жасасу жолымен қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеп, олар бойынша уақтылы ақы төлеуін қамтамасыз етті деген күдікке ілінді.
Басшылық құрамның қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық фактілері Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында да тіркелді.
ТЖ министрі ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін түбегейлі қадамдар жасайтынын мәлімдеді.
"Бұл біздің қызметкерлер үшін жаға ұстатарлық жағдай. Аталған адамдар белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген үздік қызметкерлердің қатарынан болатын. Дегенмен осы жағдайда олардың біз білмеген теріс қасиеті – екіжүзділігі әшкереленді. Айтылып өткен деректерге қатаң сынмен қараймыз. Бұдан біз тиісті сабақ аламыз, қарапайым өрт сөндірушілер бізге сеніммен қарауы керек" - деді Сырым Шәріпханов.
Антикор ТЖ министрлігіне жеке құрам арасында жүргізілетін алдын алу жұмыстарын күшейтуді ұсынды.
"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, проблемалық учаскелерді зерделеу, сондай-ақ ведомствоның барлық қызметкерін адалдық тұрғысында тексеруді апробациялау қажет" - деді Асхат Жұмағали.