https://sputnik.kz/20230823/uly-dala-zhorygy-ekinshi-ret-otedi-37892947.html
"Ұлы дала жорығы" екінші рет өтеді
"Ұлы дала жорығы" екінші рет өтеді
Sputnik Қазақстан
Марафон 6 қыркүйекте Ақмола облысының Қаражар ауылында басталып, 14 күнге созылады 23.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-23T21:48+0500
2023-08-23T21:48+0500
2023-08-23T21:48+0500
мәдениет және спорт министрлігі
спорт
https://sputnik.kz/img/07e6/09/11/27667766_0:0:891:501_1920x0_80_0_0_2b3ad34d13d131fe5c9618544979e0bd.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. 5 қыркүйекте елордалық "Қазанат" ипподромында "Ұлы дала жорығы" республикалық марафонының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлады мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.Оған еліміздің әртүрлі өңірінен жиналған 20 команданың атынан 100 шабандоз қатысады.Марафон 6 қыркүйекте Ақмола облысының Қаражар ауылында басталып, 14 күнге созылады, ол үшін қатысушылар еліміздің 5 өңірі — Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Қызылорда және Түркістан облыстары арқылы 1300 км қашықтықты жүріп өтеді.Биыл "Ұлы дала жорығы"екінші рет өтеді. Өткен жылы Маңғыстау облысының құрама командасы бәйге марафонының жеңімпазы атанды, Жетісу облысының спортшылары екінші орынды, Түркістан облысының құрамасы үшінші орынды иеленді. Жоба YouTube - те 5 миллионнан астам және TikTok-та 30 миллионнан астам қаралым жинады."Ұлы дала жорығы"марафонының мақсаты – бірегей ұлттық бренд құру, дәстүрлі ат спортын, атап айтқанда, қазақтың "қазанат" жылқы тұқымын танымал ету", - деп толықтырды Оралов.Мұндай жарыстар БАӘ, АҚШ, Испания, Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада және Австралия сияқты елдерде Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қамқорлығымен үнемі өткізіліп тұрады.Естеріңізге сала кетейік, келесі жылы Қазақстан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізеді. Мемлекет басшысы оны жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Алдағы жарыс, соның ішінде, еліміздің инфрақұрылымының көшпенділер ойындарына да, басқа да болашақ жарыстарға дайындығын тексеруге тамаша мүмкіндік болмақ.Ведомство басшысының айтуынша, министрлік ұлттық құндылықтарды дамыту және ілгерілету бойынша белсенді жұмыс ітеп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/11/27667766_112:0:780:501_1920x0_80_0_0_01b8f844ad216aeeb758d5eb8b3b2a0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәдениет және спорт министрлігі
мәдениет және спорт министрлігі
"Ұлы дала жорығы" екінші рет өтеді
Марафон 6 қыркүйекте Ақмола облысының Қаражар ауылында басталып, 14 күнге созылады
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. 5 қыркүйекте елордалық "Қазанат" ипподромында "Ұлы дала жорығы" республикалық марафонының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлады мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Оған еліміздің әртүрлі өңірінен жиналған 20 команданың атынан 100 шабандоз қатысады.
Марафон 6 қыркүйекте Ақмола облысының Қаражар ауылында басталып, 14 күнге созылады, ол үшін қатысушылар еліміздің 5 өңірі — Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Қызылорда және Түркістан облыстары арқылы 1300 км қашықтықты жүріп өтеді.
"Түркістан қаласында марафон аяқталады. Жалпы, шабандоздар 12 аудан мен 52 елді мекенді аралайды. Марафонға қатысу үшін халықаралық судьялар мен жоғары білікті ветеринарлар шақырылған", - деп жазды министр.
Биыл "Ұлы дала жорығы"екінші рет өтеді. Өткен жылы Маңғыстау облысының құрама командасы бәйге марафонының жеңімпазы атанды, Жетісу облысының спортшылары екінші орынды, Түркістан облысының құрамасы үшінші орынды иеленді. Жоба YouTube - те 5 миллионнан астам және TikTok-та 30 миллионнан астам қаралым жинады.
"Ұлы дала жорығы"марафонының мақсаты – бірегей ұлттық бренд құру, дәстүрлі ат спортын, атап айтқанда, қазақтың "қазанат" жылқы тұқымын танымал ету", - деп толықтырды Оралов.
Мұндай жарыстар БАӘ, АҚШ, Испания, Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада және Австралия сияқты елдерде Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қамқорлығымен үнемі өткізіліп тұрады.
"Сондықтан біздің жобамыздың халықаралық деңгейде ауқымды оқиғаға айналуға барлық мүмкіндігі бар", - деп есептейді министр.
Естеріңізге сала кетейік, келесі жылы Қазақстан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізеді. Мемлекет басшысы оны жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Алдағы жарыс, соның ішінде, еліміздің инфрақұрылымының көшпенділер ойындарына да, басқа да болашақ жарыстарға дайындығын тексеруге тамаша мүмкіндік болмақ.
Ведомство басшысының айтуынша, министрлік ұлттық құндылықтарды дамыту және ілгерілету бойынша белсенді жұмыс ітеп жатыр.