https://sputnik.kz/20230823/toqaev-mangystauda-energetikalyq-zhuyenin-uzdiksiz-zhumys-isteuin-qamtamasyz-etudi-tapsyrdy-37890095.html
Тоқаев Маңғыстауда энергетикалық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды
Тоқаев Маңғыстауда энергетикалық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 23.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-23T13:51+0500
2023-08-23T13:51+0500
2023-08-23T13:51+0500
қасым-жомарт тоқаев
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37699927_0:20:924:540_1920x0_80_0_0_f94da77e37b116dc4d279d46138821de.jpg
АСТАНА, 23 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Президентке Маңғыстау облысының биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары баяндалды.Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысына есепті кезең ішінде өңірде жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылғанын айтты. Жалпы, қаңтар-шілде айларында өңірдің негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 523 миллиард теңгені құрады.Сонымен қатар Мемлекет басшысына ауызсу тапшылығын шешуге қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін облыста 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік туады.Сондай-ақ президентке Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру және инженерлік инфрақұрылымын қалыпқа келтіру, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына күрделі жөндеу жүргізу мәселелері жөнінде баяндалды.МАЭК-ке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл 9,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 6,8 миллиард теңге МАЭК-тің инвестициялық бағдарламалары аясында, ал 2,6 миллиард теңге Маңғыстау облысы әкімдігінің резервінен бөлінді. Бұған қоса, Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет резервінен қажетті қондырғыларды сатып алу үшін 4,9 миллиард теңге қаржы қарастырылды.Кездесу соңында мемлекет басшысы облыс әкіміне Маңғыстау өңірі энергетикалық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясындағы міндеттерді іске асыруды тапсырды.
https://sputnik.kz/20230820/maek-energoblogynda-zhondeu-zhumystary-ayaqtaldy-37811757.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37699927_89:0:836:560_1920x0_80_0_0_b29051a88bead2fb785732bc9489a6c7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, маңғыстау облысы
қасым-жомарт тоқаев, маңғыстау облысы
АСТАНА, 23 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президентке Маңғыстау облысының биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары баяндалды.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысына есепті кезең ішінде өңірде жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылғанын айтты. Жалпы, қаңтар-шілде айларында өңірдің негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 523 миллиард теңгені құрады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына ауызсу тапшылығын шешуге қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін облыста 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік туады.
Сондай-ақ президентке Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру және инженерлік инфрақұрылымын қалыпқа келтіру, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына күрделі жөндеу жүргізу мәселелері жөнінде баяндалды.
МАЭК-ке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл 9,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 6,8 миллиард теңге МАЭК-тің инвестициялық бағдарламалары аясында, ал 2,6 миллиард теңге Маңғыстау облысы әкімдігінің резервінен бөлінді. Бұған қоса, Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет резервінен қажетті қондырғыларды сатып алу үшін 4,9 миллиард теңге қаржы қарастырылды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы облыс әкіміне Маңғыстау өңірі энергетикалық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясындағы міндеттерді іске асыруды тапсырды.