https://sputnik.kz/20230823/balyq-19-ke-qymbattady-37870977.html
Балық 19%-ке қымбаттады
Балық 19%-ке қымбаттады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Балық және теңіз өнімдерінің бағасы шілдеде 0,4%, бір жылда 18,7% қымбаттады, деп хабарлады Energyprom.kz. 23.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-23T20:41+0500
2023-08-23T20:41+0500
2023-08-23T20:41+0500
балық
теңіз шаяны
https://sputnik.kz/img/361/96/3619669_0:76:3371:1972_1920x0_80_0_0_538b1b43ed32b4e5587be863159287c1.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Балық және теңіз өнімдерінің бағасы шілдеде 0,4%, бір жылда 18,7% қымбаттады, деп хабарлады Energyprom.kz.Айта кетері, бір жыл бұрын баға өсімі 18,8% болған."Бағаның ең жоғары өсімі Ұлытау облысында тіркелді: бір жылда бірден 37,4%. Одан кейінгі орындарда Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр: әрқайсысында 28,1%. Бағаның ең аз өсімі Батыс Қазақстан (8,1%) және Солтүстік Қазақстан (12%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (12,7%) байқалды", - деп жазылған хабарламада.Жаңа ауланған немесе мұздатылған балық пен теңіз өнімдерінің бағасы айтарлықтай өсті: бір жыл бұрын өсім 12,2% болса, биыл 20,7%.Шілде айының қорытындысы бойынша, өңделген және консервіленген балық бір жылда 16,2% қымбаттаса, бір жыл бұрын бірден 25,5% қымбаттаған.Балық және теңіз өнімдері өндірісі өсті2023 жылғы қаңтар-шілдеде жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балық өндірісі 27,3 мың тоннаны құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,1% артық.Дайындалған немесе консервіленген балық, сондай-ақ уылдырық және оның алмастырғыштар өндірісі биыл қаңтар-шілдеде 7,8 мың тоннаны құрап, былтырғымен салыстырғанда бірден 37,7% өсті.Қазақстанда 2023 жылдың бірінші тоқсанында балық пен теңіз өнімдерін тұтыну орташа есеппен жан басына шаққанда 3,4 килоны құрады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 2,3% төмендеді.Өңірлер арасында балық пен теңіз өнімдерін тұтыну айтарлықтай өзгерді. Ең жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: бір адамға орта есеппен 4,8 кило. Одан кейін Атырау (4,5 кило), Солтүстік Қазақстан (4,4 кило) және Батыс Қазақстан (4,4 кило) облыстары келеді. Бұл ретте Шымкентте тұтыну бір тұрғынға небәрі 1,5 килоны құрады. Маңғыстау (2,4 кило), Ұлытау (2,9 кило) және Ақтөбе (2,9 кило) облыстарында да көрсеткіш аз.
https://sputnik.kz/20230612/qazaqstanda-kartop-men-sabiz-qymbattady-35878569.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/361/96/3619669_321:0:3050:2047_1920x0_80_0_0_9fe096205c93564ff6bb122561a03acb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балық, теңіз шаяны
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Балық және теңіз өнімдерінің бағасы шілдеде 0,4%, бір жылда 18,7% қымбаттады, деп хабарлады Energyprom.kz.
Айта кетері, бір жыл бұрын баға өсімі 18,8% болған.
"Бағаның ең жоғары өсімі Ұлытау облысында тіркелді: бір жылда бірден 37,4%. Одан кейінгі орындарда Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр: әрқайсысында 28,1%. Бағаның ең аз өсімі Батыс Қазақстан (8,1%) және Солтүстік Қазақстан (12%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (12,7%) байқалды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа ауланған немесе мұздатылған балық пен теңіз өнімдерінің бағасы айтарлықтай өсті: бір жыл бұрын өсім 12,2% болса, биыл 20,7%.
Шілде айының қорытындысы бойынша, өңделген және консервіленген балық бір жылда 16,2% қымбаттаса, бір жыл бұрын бірден 25,5% қымбаттаған.
Балық және теңіз өнімдері өндірісі өсті
2023 жылғы қаңтар-шілдеде жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балық өндірісі 27,3 мың тоннаны құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,1% артық.
Дайындалған немесе консервіленген балық, сондай-ақ уылдырық және оның алмастырғыштар өндірісі биыл қаңтар-шілдеде 7,8 мың тоннаны құрап, былтырғымен салыстырғанда бірден 37,7% өсті.
Қазақстанда 2023 жылдың бірінші тоқсанында балық пен теңіз өнімдерін тұтыну орташа есеппен жан басына шаққанда 3,4 килоны құрады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 2,3% төмендеді.
Өңірлер арасында балық пен теңіз өнімдерін тұтыну айтарлықтай өзгерді. Ең жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: бір адамға орта есеппен 4,8 кило. Одан кейін Атырау (4,5 кило), Солтүстік Қазақстан (4,4 кило) және Батыс Қазақстан (4,4 кило) облыстары келеді. Бұл ретте Шымкентте тұтыну бір тұрғынға небәрі 1,5 килоны құрады. Маңғыстау (2,4 кило), Ұлытау (2,9 кило) және Ақтөбе (2,9 кило) облыстарында да көрсеткіш аз.