https://sputnik.kz/20230823/balalar-da-oynagan-zansyz-onlayn-kazino-ashqandarga-qatysty-tergeu-bastaldy-37879622.html
Балалар да ойнаған: заңсыз онлайн-казино ашқандарға қатысты тергеу басталды
Балалар да ойнаған: заңсыз онлайн-казино ашқандарға қатысты тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті заңсыз "1WIN" онлайн-казино ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа... 23.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-23T08:38+0500
2023-08-23T08:38+0500
2023-08-23T08:38+0500
қоғам
казино
балалар
https://sputnik.kz/img/194/69/1946990_0:161:3069:1887_1920x0_80_0_0_a721b7b75a5dd3190315c59f53316c31.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті заңсыз "1WIN" онлайн-казино ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады."1WIN" онлайн-казиносы Қазақстан аумағында ғана емес, ТМД мен алыс шет елдерде де жұмыс істеген. Онлайн платформа мыңдаған отандасымызды заңсыз ойын бизнесіне тартып қана қоймай, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет атқарған."Ақша ғаламтор-эквайринг арқылы және аутентификациясыз қабылданған. Бұл кәмелетке толмағандардың да құмар ойын ойнауына мүмкіндік берді", - деп хабарлайды ҚМА.Қазақстан заңнамасы бойынша елде онлайн-казиноға тыйым салынған, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана ұсынылады.Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылды. Қажетті тергеу және жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
https://sputnik.kz/20230711/biyl-zansyz-zhumys-istegen-3-670-onlayn-kazino-bugattaldy-36720608.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/194/69/1946990_168:0:2899:2048_1920x0_80_0_0_65349f05bcce887dd2877349077b444f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
казино, балалар
Балалар да ойнаған: заңсыз онлайн-казино ашқандарға қатысты тергеу басталды
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті заңсыз "1WIN" онлайн-казино ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
"1WIN" онлайн-казиносы Қазақстан аумағында ғана емес, ТМД мен алыс шет елдерде де жұмыс істеген. Онлайн платформа мыңдаған отандасымызды заңсыз ойын бизнесіне тартып қана қоймай, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет атқарған.
"Ақша ғаламтор-эквайринг арқылы және аутентификациясыз қабылданған. Бұл кәмелетке толмағандардың да құмар ойын ойнауына мүмкіндік берді", - деп хабарлайды ҚМА.
Қазақстан заңнамасы бойынша елде онлайн-казиноға тыйым салынған, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана ұсынылады.
Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылды. Қажетті тергеу және жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.
ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.