2025 жылға қарай Алматыдағы саябақ аумағы 180 гектарға ұлғаяды

© Sputnik / Тимур Батыршин Алматы қаласы
 Алматы қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2023
Жазылу
Қазіргі уақытта 6 жаңа саябақтың құрылысы қолға алынды, сонымен қатар қолданыстағы 4 саябаққа реконструкция жасалады
АЛМАТЫ, 23 тамыз – Sputnik. 2025 жылға қарай Алматыдағы саябақ аумағы 977 гектардан 1 157 гектарға дейін, 180 гектарға ұлғаяды, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Жобаны "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институты ЖШС 2021 жылы әзірлеген, бұл жер "белсенді" және "тыныш" аймақ болып екіге бөлінеді.
Белсенді аймақта футбол және волейбол, үстел теннисі алаңы бар балалар және спорт алаңдары салынды. Сонымен қатар аумақта 1264 шаршы метрлік экстремалды спорт түрімен айналысуға арналған қаладағы ең үлкен скейт алаң құрылды, оның элементі монолитті темірбетоннан жасалған.
"Қазіргі уақытта 6 жаңа саябақтың құрылысы қолға алынды, сонымен қатар қолданыстағы 4 саябаққа реконструкция жасалады. Құрылыс 2024 жылы аяқталады. Бұған қоса, 2025 жылы пайдалануға берілетін 12 жаңа және қолданыстағы саябақтардың жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.
Қазіргі таңда Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы мердігер ұйыммен бірлесіп, 29 ұңғыманы бұрғылады, 500 мыңнан астам ағашты тамшылатып суаратын 5 су жинағыш салды.
Айта кетері, Алматыда жалпы ауданы 977 га болатын 542 саябақ аумағы бар, онда шамамен 4 млн жасыл желек өседі. 2025 жылы саябақ аумағын 1 157 гектарға дейін, 2030 жылға қарай 1 457 гектарға дейін ұлғайту жоспарланған.
Жаңалықтар
0