Риддерде ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылу құны қайта есептеледі

© Sputnik / Мария ДевахинаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Жазылу
ЖЭО-да жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан қалада жаз бойы ыстық су өшірілді
АЛМАТЫ, 22 тамыз – Sputnik. Риддер қаласында кем берілген жылудың ақысы жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана қайта есептеледі, деп хабарлады YK-news.kz.
ЖЭО-да жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан қалада жаз бойы ыстық су өшірілді.
ШҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті ыстық су үшін ақы алынбайтынын мәлімдеді.
"Риддер ЖЭО" АҚ станция толық көлемде жұмыс істеген кезде жылумен және ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін төлемақыны қайта есептеп, ақыны төмендетеді", - деп хабарлады ШҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу комитеті департамент басшысының орынбасары Жұмагүл Мусипова.
Қайта есептеуден кейін алынған 292 миллион теңгенің 160 миллионы қазірдің өзінде "Риддер ЖЭО" АҚ тұтынушыларына қайтарылды. Қалған 132 миллион алдағы жылыту маусымында жыл соңына дейін өтеледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін монополияға қарсы қызметкерлер жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жылу ақысын қайта есептеуге уәде берген болатын. Алайда станцияның толық тоқтауына байланысты тұтынушыларға қаражатты қайтару жұмысын келесі жылыту маусымының басына ауыстыруға тура келді.
Жаңалықтар
0