"Қазақстан" шахтасындағы өрт қашан сөнеді

© AP Photo / David GoldmanШахтер
Шахтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Жазылу
Болжам бойынша 10 күндей уақыт қажет
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасындағы өртті сөндіруге болжаммен он күндей уақыт қажет. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Болжам бойынша 10 күндей уақыт қажет. Бірақ бұл мерзім қысқаруы да мүмкін",- деп жауап берді министр журналистердің сұрағына.
Айтуынша, өртті сөндіргеннен кейін шахтаны желдетіп, кенішті одан әрі қауіпсіз пайдалану үшін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Еске салсақ, 17 тамыз күні "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт шықты.
Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Оның 222-сі жер бетіне шығарылды. Қалған бес кенші қаза тапты.
Шахта Казахстанская в Карагандинской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
"Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі сөндірілген жоқ – министрлік
Жаңалықтар
0