Маңғыстауда кен орны екі ай бойы өртеніп жатыр: экологияға қандай зиян келді

© Photo : Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіНа месторождении "Каратурун Южный" в Мангистауской области горит скважина
На месторождении Каратурун Южный в Мангистауской области горит скважина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Жазылу
Апат жойылған соң нысанда тексеріс жұмыстары жүргізіледі
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Екі ай бойы өртеніп жатқан "Қаратұрын" кен орнында ластаушы метан шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кеткен.
Кен орнында мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің қатысуымен көшпелі кеңес өтті.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов экологтар 9 маусымда кен орнының аумағына кеткенін айтты.
Өрт салдарынан болған атмосфералық ауада ластаушы заттардың бар-жоғы зерттелді. Өлшеу кезінде ластаушы метанның шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кеткені анықталды– 2540 мг/м3. Осылайша, Жер ресурстары ластанып жатыр, деп хабарлады экология департаментінің баспасөз қызметі.
Экологтар ауық-ауық атмосфералық ауа сынамаларын алып отыр.
Экология департаменті апатты жойғаннан кейін қоршаған ортаға келтірілген зиянды тексереді және бағалайды.
Естеріңізге сала кетейік, "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнында 9 маусымда сағат 03:25-те бұрғылау құралының көтерілуі салдарынан газ-су қоспасы бөлінді.
Шығып жатқан газдың қысымы жоғары болғандықтан ұңғыма өртеніп жатыр.
Жаңалықтар
0