https://sputnik.kz/20230822/almatyda-1000-nan-astam-adam-qyzylshamen-auyrdy-basym-kopshiligi-balalar-37873544.html
Алматыда 1000-нан астам адам қызылшамен ауырды, басым көпшілігі балалар
Алматыда 1000-нан астам адам қызылшамен ауырды, басым көпшілігі балалар
Sputnik Қазақстан
Санитарлық дәрігерлер Алматыдағы қызылшаға қатысты жағдайға алаңдап отыр 22.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-22T16:30+0500
2023-08-22T16:30+0500
2023-08-22T16:30+0500
қызылша
https://sputnik.kz/img/983/40/9834032_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_b2e8fd27eadeb6c7551dab444252ebdc.jpg
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Алматыда қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті."Бүгінгі таңда қызылшаның 1183 жағдайы тіркелді, оның 88%-тен астамы 14 жасқа дейінгі балалар", - делінген комитет хабарламасында.Ауру негізінен вакцинацияланбаған балаларда тіркелген (ауырған балалар санының 82%). Олар екпеден бас тартқан, сондай-ақ вакцинациядан медициналық ауытқулар мен егу жасына жетпегендіктен вакцинация алмаған.Сонымен қатар қызылшаны емдеудің нақты әдісі жоқ. Алдын алудың жалғыз сенімді құралы – ол уақтылы вакцинация.Қызылшаға қарсы екпені қай жаста алу керекҰлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес екпелер балаларға екі рет жүргізіледі: 12-15 ай және 6 жаста.Екпе үшін Үндістанның Serum Institute of India институты шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады.Вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне ДДҰ кепілдік береді.Қызылша ауруының негізгі белгілеріҚызылша - дене температурасының жоғарылауы, мұрыннан су ағу, жөтел сияқты ЖРВИ белгілері бар вирустық ауру, аурудың 4-5-ші күнінен бастап бөртпе пайда болады. Ол жоғары инфекциямен сипатталады және ауа тамшылары арқылы беріледі.Инфекция науқас адамнан жұғады. Кем дегенде қызылша ауруымен ауырған адаммен қысқа мерзімді байланыста болғандардың барлығы дерлік жұқтырады.Қызылша ауруы басқаларға бөртпеден 4 күн бұрын және 4 күн ішінде қауіпті. Ауру инфекциядан кейін 7-18 күн ішінде дамиды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/983/40/9834032_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_22139f71dc22c506209755eca93cb979.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша
Алматыда 1000-нан астам адам қызылшамен ауырды, басым көпшілігі балалар
Санитарлық дәрігерлер Алматыдағы қызылшаға қатысты жағдайға алаңдап отыр
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Алматыда қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
"Бүгінгі таңда қызылшаның 1183 жағдайы тіркелді, оның 88%-тен астамы 14 жасқа дейінгі балалар", - делінген комитет хабарламасында.
Ауру негізінен вакцинацияланбаған балаларда тіркелген (ауырған балалар санының 82%). Олар екпеден бас тартқан, сондай-ақ вакцинациядан медициналық ауытқулар мен егу жасына жетпегендіктен вакцинация алмаған.
Сонымен қатар қызылшаны емдеудің нақты әдісі жоқ. Алдын алудың жалғыз сенімді құралы – ол уақтылы вакцинация.
Қызылшаға қарсы екпені қай жаста алу керек
Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес екпелер балаларға екі рет жүргізіледі: 12-15 ай және 6 жаста.
Екпе үшін Үндістанның Serum Institute of India институты шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады.
Вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне ДДҰ кепілдік береді.
Қызылша ауруының негізгі белгілері
Қызылша - дене температурасының жоғарылауы, мұрыннан су ағу, жөтел сияқты ЖРВИ белгілері бар вирустық ауру, аурудың 4-5-ші күнінен бастап бөртпе пайда болады. Ол жоғары инфекциямен сипатталады және ауа тамшылары арқылы беріледі.
Инфекция науқас адамнан жұғады. Кем дегенде қызылша ауруымен ауырған адаммен қысқа мерзімді байланыста болғандардың барлығы дерлік жұқтырады.
Қызылша ауруы басқаларға бөртпеден 4 күн бұрын және 4 күн ішінде қауіпті. Ауру инфекциядан кейін 7-18 күн ішінде дамиды.