Жетісу облысында ауылдарды су басты: тұрғындарға қандай көмек көрсетіледі

© Photo : Пресс-служба акима Жетысуской областиЖетісу облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мектепке орналастырылды
Жетісу облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мектепке орналастырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2023
Жазылу
Бұған дейін 20-дан астам үй апатты деп танылған, олар сүрілуі мүмкін
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жетісу облысындағы Ескелді ауданының Ешкіөлмес және Абай ауылдарында жаңбыр суынан зардап шеккен үйлер толық тексерілді, деп хабарлады Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Комиссия 89 үйге зақым келгенін анықтады, соның ішінде 22 үй апатты деп танылып, сүріледі деген қорытынды шығарылды. Қалған 67 үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізіледі.
"Елді мекендердің көшелері мен аулаларды батпақ пен қоқыстан тазарту жұмыстары аяқталған. 200 тұрғын үйдің ауласы тазартылып, 200 тонна қоқыс шығарылды. ТЖ салдарын жою шараларына 400 адам, 50-ден астам техника тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Материалдық шығынды есептеу толық аяқталғаннан кейін аталған елді мекендердегі зардап шеккен тұрғындардың бәріне тиісті материалдық көмек көрсетіледі.
Алдағы уақытта мұндай төтенше жағдайды болдырмау үшін канал арналарын тазалау, каналдың өткізу қабілетін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ 7 көшеде ұзындығы 12,7 шақырым автокөлік жолына орташа жөндеу жүргізіліп, 4 көшеде 4 шақырымға көшені жарықтандыру тіректері орнатылады.
Жаңалықтар
0