Қоғам

Төтенше жағдайлар министрлігіне 71 дрон мен су шашатын құрылғылар сатып алынады

© Sputnik / Alexander Kryazhev / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Үкімет төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін арнайы құрылғылармен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдап жатыр. Бұл мақсаттарға үкімет резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Құжатқа сәйкес, қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашу құрылғысын және 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға бағытталады", - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда ТЖМ қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Алайда биыл болған өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар олардың санының жеткіліксіз екенін көрсетті.
Сондай-ақ қазіргі уақытта ашық су қоймаларынан су алып, табиғи өрт ошақтарына әуе арқылы жеткізу үшін 12 су шашатын құрылғы бар. ТЖМ авиациялық паркі көпфункциялы 34 әуе кемесінен тұрады.
Осылайша жаңа дрондар мен су шашу құрылғыларын сатып алу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті бөлімшелердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді үкімет.
Еске салсақ, жыл сайын елімізде 1 мыңға жуық орман және дала өрті, сондай-ақ 4 мыңға жуық табиғи өрт тіркеледі.
Қазақстандық құтқарушылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2023
ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылады - үкімет қаулы қабылдады
Жаңалықтар
0