https://sputnik.kz/20230821/toqaev-vetnam-premer-ministrimen-kezdesti-37831201.html
Тоқаев Вьетнам премьер-министрімен кездесті
Тоқаев Вьетнам премьер-министрімен кездесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесті, деп хабарлады Ақорда. 21.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-21T16:04+0500
2023-08-21T16:04+0500
2023-08-21T16:04+0500
қасым-жомарт тоқаев
вьетнам
https://sputnik.kz/img/07e7/08/15/37831033_0:175:3021:1874_1920x0_80_0_0_0d9b5c1b22e77982d9baa862611c77cb.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Кездесуде мемлекет басшысы бүгін президент Во Ванг Тхыонгпен нәтижелі келіссөз жүргізгенін және оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланғанын атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміз Вьетнамды Оңтүстік Шығыс Азиядағы ең басты серіктестерінің бірі ретінде қарастырады. Президент Ханойға жасаған сапарының нәтижесін жоғары бағалады."Бүгін таңертең президент Во Ван Тхыонгпен өте нәтижелі келіссөз жүргіздім. Біз көптеген саладағы қарым-қатынастарымыз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін өте маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Жан-жақты ынтымақтастығымыздың негізгі бағыттары айқындалған Бірлескен коммюнике қабылдадық. Сондай-ақ Вьетнам кәсіпкерлерімен кездесу өткіздім. Олардың Қазақстан нарығындағы қызметін қолдауға дайынмын. Біз елімізде вьетнамдық бизнестің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне шын мәнінде мүдделі болғандықтан көмек көрсетеміз. Вьетнам – экономикалық өсім тұрғысынан қарқынды дамып келе жатқан ел", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы бүгін қол қойылған Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі үкіметаралық бірлескен іс-қимылдар жоспары сауда, инвестиция, технология, ауыл шаруашылығы, транзит және туризм сияқты маңызды салалар бойынша екі елдің өзара байланыстарын жандандыруға ықпал ететін негізгі құжат болатынына сенім білдірді.Өз кезегінде Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чинь Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Қазақстан мен Вьетнамның екіжақты ынтымақтастығына тың серпін беретінін атап өтті."Екі тарап қол қойған құжаттар мен келісімдер келешекте ынтымақтастығымызға берік негіз болады. Сізбен Қазақстан мен Вьетнамның саясат, дипломатия, инвестиция және сауда салаларындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытып, тереңдету жолдарын талқылауға мүдделіміз", - деді Фам Минь Чинь.
https://sputnik.kz/20230821/munay-gaz-salasyndagy-investorlarga-zhenildik-usynuga-mumkindik-bar--toqaev-37827790.html
вьетнам
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/15/37831033_146:0:2877:2048_1920x0_80_0_0_6002380da44cd5f17205945736049a67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, вьетнам
қасым-жомарт тоқаев, вьетнам
Тоқаев Вьетнам премьер-министрімен кездесті
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесті, деп хабарлады
Ақорда. Кездесуде мемлекет басшысы бүгін президент Во Ванг Тхыонгпен нәтижелі келіссөз жүргізгенін және оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміз Вьетнамды Оңтүстік Шығыс Азиядағы ең басты серіктестерінің бірі ретінде қарастырады. Президент Ханойға жасаған сапарының нәтижесін жоғары бағалады.
"Бүгін таңертең президент Во Ван Тхыонгпен өте нәтижелі келіссөз жүргіздім. Біз көптеген саладағы қарым-қатынастарымыз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін өте маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Жан-жақты ынтымақтастығымыздың негізгі бағыттары айқындалған Бірлескен коммюнике қабылдадық. Сондай-ақ Вьетнам кәсіпкерлерімен кездесу өткіздім. Олардың Қазақстан нарығындағы қызметін қолдауға дайынмын. Біз елімізде вьетнамдық бизнестің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне шын мәнінде мүдделі болғандықтан көмек көрсетеміз. Вьетнам – экономикалық өсім тұрғысынан қарқынды дамып келе жатқан ел", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бүгін қол қойылған Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі үкіметаралық бірлескен іс-қимылдар жоспары сауда, инвестиция, технология, ауыл шаруашылығы, транзит және туризм сияқты маңызды салалар бойынша екі елдің өзара байланыстарын жандандыруға ықпал ететін негізгі құжат болатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чинь Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Қазақстан мен Вьетнамның екіжақты ынтымақтастығына тың серпін беретінін атап өтті.
"Екі тарап қол қойған құжаттар мен келісімдер келешекте ынтымақтастығымызға берік негіз болады. Сізбен Қазақстан мен Вьетнамның саясат, дипломатия, инвестиция және сауда салаларындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытып, тереңдету жолдарын талқылауға мүдделіміз", - деді Фам Минь Чинь.