Қазақстан мен Вьетнам үкіметі өзара визаcыз режим туралы келісімге қол қойды
11:48 21.08.2023 (жаңартылды: 12:06 21.08.2023)
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаЦеремония подписания документов в Ханое прошла в присутствии президентов Казахстана и Вьетнама
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Ресми сапар аясында 12 құжатқа қол қойылды
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында 12 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ақорда.
Ресми сапар аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1.
Қазақстан Республикасының үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары;2.
Қазақстан Республикасының үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім;3.
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;4.
"Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ (QazTrade) мен Вьетнамның сауданы дамытуға жәрдемдесу агенттігі (VietTrade) арасындағы саудаға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;5.
Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің инвестиция комитеті мен Вьетнам Социалистік Республикасы сыртқы инвестиция агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;6.
"Қазпошта" АҚ мен Viet Post корпорация арасындағы электрондық коммерцияны дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;7.
Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен VietJet Aviation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;8.
"ҚазМұнайГаз" ҰK" АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;9.
"Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы" АҚ мен Sovico Group компаниясы арасындағы транспортық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;10.
Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің инвестиция комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;11.
Microtech DFS Vietnam Company Limited пен Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;12.
"Хабар" агенттігі" АҚ мен Vietnam Televesion арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.