https://sputnik.kz/20230821/mitingige-shyguga-shaqyrgan-bolashaqtynsauletshileriqorynyn-zhetekshisisottaldy-37836383.html
Митингіге шығуға шақырған: "Болашақтың сәулетшілері"қорының жетекшісі сотталды
Митингіге шығуға шақырған: "Болашақтың сәулетшілері"қорының жетекшісі сотталды
Sputnik Қазақстан
2022 жылдың 26 қарашасында президенттің инаугурациясы күні бизнесмен түнгі клубқа 300-ден астам адамды жинап, Ақордаға баруға шақырған 21.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-21T19:35+0500
2023-08-21T19:35+0500
2023-08-21T19:56+0500
сот үкімі
митинг
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Сот "Болашақтың сәулетшілері" қорының негізін қалаушы Марат Әбиевке үкім шығарды.Әбиевке екі бап бойынша – қызметі адамдарды заңсыз әрекеттерге итермелеумен байланысты бірлестік құрды және оған жетекшілік етті (ҚК 404-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ қоғамдық шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын жалған ақпарат таратты (ҚК 274-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы) деген айып тағылды. Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты хабарлады.2019 жылы ол ауыл шаруашылығы саласында компанияқұрған. 2020 жылдың мамыр-маусым айларында Канададан дақылдардың тұқымын әкеліп, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы егістік алқаптарына сепкен.2020 жылдың тамыз айында егін жинау алдында, нақты түсімді білмей тұрып, "Болашақтың сәулетшілері" фильмін түсірді. Онда гектарына 35-50 центнерден астық жинайтыны туралы, бұл Қазақстандағы түсімнен 400 пайызға жоғары болатыны айтылды. Алайда 2020 жылы нақты жиналған астық небәрі 11,44-20,4 ц/га құрады. Фильм кейінірек YouTube желісіне жүктелді.Оның үстіне 2020 жылдың қазан айында ол мемлекеттік органдарға өз компаниясының жобасын жүзеге асыру үшін жер телімін беруді сұраған.Ал 2021 жылы ол заңды тіркеусіз Genezis қауымдастығын ("Болашақтың сәулетшілері" қоры) құрып, Қазақстанда 15-тен астам филиалын ашты.Кейінірек тіпті үкіметтен 5 миллион гектар жер беруді талап етіп, қол жинау үшін петиция ұйымдастырды. Оған барлығы 300 мыңға жуық адам қол қойған.8 мамырда тегін концертті желеу етіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен Genezis қауымдастығының мүшелерін Астанаға жинаған. Алайда іс-шара болмады.Ал 2022 жылдың қарашасында Әбиев Астанадағы түнгі клубқа 300-ден астам адамды жинап, "Болашақтың сәулетшілері" фильмін көпшілік алдында көрсетіп, өзінің жобасын мақұлдауды талап ету үшін Ақордаға қарай митингіге шығуға шақырған.Заңсыз акцияға қатысушыларды құқық қорғау органдары ұстады.Әбиевтің үкіміСот үкімімен ол кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 5 жыл мерзімге қоғамдық бірлестіктер құру және басқаруға байланысты қызметпен айналысуғатыйым салынды.Сот жас балаларының болуын және бұрын сотталмағанын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды.Қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот үкімі, митинг
Митингіге шығуға шақырған: "Болашақтың сәулетшілері"қорының жетекшісі сотталды
19:35 21.08.2023 (жаңартылды: 19:56 21.08.2023) 2022 жылдың 26 қарашасында президенттің инаугурациясы күні бизнесмен түнгі клубқа 300-ден астам адамды жинап, Ақордаға баруға шақырған
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Сот "Болашақтың сәулетшілері" қорының негізін қалаушы Марат Әбиевке үкім шығарды.
Әбиевке екі бап бойынша – қызметі адамдарды заңсыз әрекеттерге итермелеумен байланысты бірлестік құрды және оған жетекшілік етті (ҚК 404-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ қоғамдық шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын жалған ақпарат таратты (ҚК 274-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы) деген айып тағылды. Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты хабарлады.
2019 жылы ол ауыл шаруашылығы саласында компанияқұрған. 2020 жылдың мамыр-маусым айларында Канададан дақылдардың тұқымын әкеліп, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы егістік алқаптарына сепкен.
2020 жылдың тамыз айында егін жинау алдында, нақты түсімді білмей тұрып, "Болашақтың сәулетшілері" фильмін түсірді. Онда гектарына 35-50 центнерден астық жинайтыны туралы, бұл Қазақстандағы түсімнен 400 пайызға жоғары болатыны айтылды. Алайда 2020 жылы нақты жиналған астық небәрі 11,44-20,4 ц/га құрады. Фильм кейінірек YouTube желісіне жүктелді.
Оның үстіне 2020 жылдың қазан айында ол мемлекеттік органдарға өз компаниясының жобасын жүзеге асыру үшін жер телімін беруді сұраған.
Ал 2021 жылы ол заңды тіркеусіз Genezis қауымдастығын ("Болашақтың сәулетшілері" қоры) құрып, Қазақстанда 15-тен астам филиалын ашты.
Кейінірек тіпті үкіметтен 5 миллион гектар жер беруді талап етіп, қол жинау үшін петиция ұйымдастырды. Оған барлығы 300 мыңға жуық адам қол қойған.
8 мамырда тегін концертті желеу етіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен Genezis қауымдастығының мүшелерін Астанаға жинаған. Алайда іс-шара болмады.
Ал 2022 жылдың қарашасында Әбиев Астанадағы түнгі клубқа 300-ден астам адамды жинап, "Болашақтың сәулетшілері" фильмін көпшілік алдында көрсетіп, өзінің жобасын мақұлдауды талап ету үшін Ақордаға қарай митингіге шығуға шақырған.
Заңсыз акцияға қатысушыларды құқық қорғау органдары ұстады.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 5 жыл мерзімге қоғамдық бірлестіктер құру және басқаруға байланысты қызметпен айналысуғатыйым салынды.
Сот жас балаларының болуын және бұрын сотталмағанын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды.
Қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.