https://sputnik.kz/20230821/buryngy-mcdonalds-mandayshalarga-nelikten-adam-attaryn-zhazyp-qoyganyn-tusindirdi-37832751.html
Бұрынғы McDonald's маңдайшаларға неліктен адам аттарын жазып қойғанын түсіндірді
Бұрынғы McDonald's маңдайшаларға неліктен адам аттарын жазып қойғанын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде жаңа брендті әзірлеу жұмыстары басталды. Оны жақын арада жариялау жоспарланып отыр 21.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-21T21:16+0500
2023-08-21T21:16+0500
2023-08-21T21:16+0500
мейрамхана
https://sputnik.kz/img/07e7/08/10/37732539_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_09afbc31f73a61e9c18e1c135717512b.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жылдам қызмет көрсету мейрамханалар желісін басқаратын Food Solutions KZ компаниясы (бұрын McDonald′s брендімен жұмыс істеген) маңдайшаларға не себепті адам аттарын жазғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.16 тамызда "Біз ашықпыз/Мы открыты" деген жазудың орнына "Мен Әселмін", "Мен Араймын", "Мен Аружанмын", "Мен Даниярмын", "Мен Юлиямын" және тағы басқа адам аттары жазыла бастады."Food Solutions KZ" ЖШС бас директоры Асет Машановтың айтуынша, маңдайшаларға аты жазылған адамдардың барлығы мейрамханаларда жұмыс істейді. Осылайша, компания өз командасына алғысын және ризашылығын білдіргісі келген.Оның айтуынша, қазіргі кезде жаңа брендті әзірлеу жұмыстары басталды. Оны жақын арада жариялау жоспарланып отыр."Біз қазір ұзақ уақыт бойы мұқият жұмыс істеп келе жатқан жаңа брендімізді шығаруға дайындалып жатырмыз. Халықаралық брендтен біз ең жоғары стандарттарды қабылдадық және оларды әлі де ұстанамыз. Бірақ қазір бізде қонақтар мен қызметкерлердің барлық тілегін ескере отырып, жаңа және креативті нәрсені байқап көруге еркіндік бар. Алдағы айларда жаңа атаудың тұсаукесері өтеді", - деп атап өтті компания басшысы.Айта кетері, қазіргі кезде республика бойынша мейрамханалар желісінде 1700-ден астам адам жұмыс істейді. Ал орталық кеңсе қызметкерлерінің 40 проценті жылдам қызмет көрсететін мейрамханаларда өз жолын бастады және көптеген менеджер директор және басшы деңгейіне дейін көтерілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/10/37732539_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_d0b5f7b8b6d881003a91f65dcf2c406d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мейрамхана
Бұрынғы McDonald's маңдайшаларға неліктен адам аттарын жазып қойғанын түсіндірді
Қазіргі кезде жаңа брендті әзірлеу жұмыстары басталды. Оны жақын арада жариялау жоспарланып отыр
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жылдам қызмет көрсету мейрамханалар желісін басқаратын Food Solutions KZ компаниясы (бұрын McDonald′s брендімен жұмыс істеген) маңдайшаларға не себепті адам аттарын жазғанын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 16 тамызда "Біз ашықпыз/Мы открыты" деген жазудың орнына "Мен Әселмін", "Мен Араймын", "Мен Аружанмын", "Мен Даниярмын", "Мен Юлиямын" және тағы басқа адам аттары жазыла бастады.
"Food Solutions KZ" ЖШС бас директоры Асет Машановтың айтуынша, маңдайшаларға аты жазылған адамдардың барлығы мейрамханаларда жұмыс істейді. Осылайша, компания өз командасына алғысын және ризашылығын білдіргісі келген.
"Компания жұмыс істеген жылдар ішінде әртүрлі қиындықтарға тап болды және барлық қиындықты жеңуге және жеңістерді бізбен бірге атап өтуге көмектескен біздің қызметкерлер болды. Олардың көпшілігі құрылған күннен бастап компанияда жұмыс істейді. Біз қызметкерлеріміздің жұмысын бағалаймыз және бұл бастама осының айғағы", - дейді Машанов.
Оның айтуынша, қазіргі кезде жаңа брендті әзірлеу жұмыстары басталды. Оны жақын арада жариялау жоспарланып отыр.
"Біз қазір ұзақ уақыт бойы мұқият жұмыс істеп келе жатқан жаңа брендімізді шығаруға дайындалып жатырмыз. Халықаралық брендтен біз ең жоғары стандарттарды қабылдадық және оларды әлі де ұстанамыз. Бірақ қазір бізде қонақтар мен қызметкерлердің барлық тілегін ескере отырып, жаңа және креативті нәрсені байқап көруге еркіндік бар. Алдағы айларда жаңа атаудың тұсаукесері өтеді", - деп атап өтті компания басшысы.
Айта кетері, қазіргі кезде республика бойынша мейрамханалар желісінде 1700-ден астам адам жұмыс істейді. Ал орталық кеңсе қызметкерлерінің 40 проценті жылдам қызмет көрсететін мейрамханаларда өз жолын бастады және көптеген менеджер директор және басшы деңгейіне дейін көтерілді.