Батыс Қазақстанда темекі мен алкоголь өнімдерін заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуСигареты
Сигареты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2023
Жазылу
Сот үкімімен үш айыпталушы бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында тәркіленген заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерінің ірі партиясы жойылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстың төрт тұрғыны заңсыз бизнес ұйымдастырған. Олар Қырғызстаннан 1,6 миллион қораптан асатын темекінің ірі партиясын алып келген. Соның бәрін Орал қаласында сақтаған. Оған қоса, жасанды есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдерін де сатып жүрген. Заңсыз темекі мен алкогольдің жалпы құны 967,5 млн теңгені құрайды.
Сот үкімімен үш айыпталушы бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ал төртіншісі 1000 АЕК (3 450 000 теңген) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Тәркіленген барлық темекі мен алкоголь өнімін жоюға шешім шығарылды.
Жаңалықтар
0