https://sputnik.kz/20230821/almatyda-zhyl-sonyna-deyin-80-balabaqsha-ashylady-37827906.html
Алматыда жыл соңына дейін 80 балабақша ашылады
Алматыда жыл соңына дейін 80 балабақша ашылады
Sputnik Қазақстан
Биыл мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту көрсеткішін 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр 21.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-21T21:50+0500
2023-08-21T21:50+0500
2023-08-21T21:50+0500
балабақша
алматы
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Алматыда жыл соңына дейін 6255 орындық 80 балабақша ашылады. Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.Спикердің мәліметінше, бүгінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте 18 118 бала тұр.Бүгінгі таңда 2 630 орындық 47 жаңа балабақша ашылды, оның ішінде 300 орындық 1 мемлекеттік балабақша және 46 жекеменшік балабақша бар.Сонымен қатар биыл жекеменшік балабақшаларға жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша 5000 орынға қаржы бөлінді, бүгінгі күні 3801 орынға жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Жалпы мемлекеттік білім беру тапсырысы 40 995 орынға 635 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда орналастырылған.Осы шаралардың нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту – 93,5% құрады, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 95%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.Бұдан басқа, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларынан шыққан 5 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылады.Айта кетері, мегаполисте барлығы 919 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы бар, оларда 79 600 бала (194 мемлекеттік, 725 жеке балабақша) білім алады.
https://sputnik.kz/20230623/98-myn-bala-tegin-ystyq-tamaqpen-qamtylady-toqaev-oqu-agartu-ministrin-qabyldady--36270764.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, алматы
Алматыда жыл соңына дейін 80 балабақша ашылады
Биыл мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту көрсеткішін 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Алматыда жыл соңына дейін 6255 орындық 80 балабақша ашылады. Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Спикердің мәліметінше, бүгінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте 18 118 бала тұр.
"Осы мәселені шешу үшін биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6255 орындық 80 балабақша, оның ішінде 5395 орындық 75 жекеменшік балабақша және 860 орындық 4 мемлекеттік балабақша ашу жоспарланған", - деді Жылқыбаева.
Бүгінгі таңда 2 630 орындық 47 жаңа балабақша ашылды, оның ішінде 300 орындық 1 мемлекеттік балабақша және 46 жекеменшік балабақша бар.
Сонымен қатар биыл жекеменшік балабақшаларға жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша 5000 орынға қаржы бөлінді, бүгінгі күні 3801 орынға жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Жалпы мемлекеттік білім беру тапсырысы 40 995 орынға 635 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда орналастырылған.
Осы шаралардың нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту – 93,5% құрады, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 95%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Бұдан басқа, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларынан шыққан 5 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылады.
Айта кетері, мегаполисте барлығы 919 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы бар, оларда 79 600 бала (194 мемлекеттік, 725 жеке балабақша) білім алады.