Спорт

Ақтөбе облысында спорт кешенінің құрылысы 7 жыл бойы бітпей тұр

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Ырғыз ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 7 жылдан бері бітпей келеді, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бұрынғы мердігер өз міндетін орындамаған. Оған қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті биліктің айтуынша, сақалды құрылыс күзде қолданысқа беріледі. Нысанды салуға облыстық бюджеттен 650 млн теңге бөлінді.
"Б" блогындағы едендер дайын, жақында еден жабыны төселеді. Екінші қабатта жекпе-жек залы да дайын, қажетті құрал-жабдықтар жолда келе жатыр. Жаттығу залы барлық қажетті затпен жабдықталады. Қазір біз бассейнмен айналысамыз, сонымен қатар сыртқы жұмыстар жүріп жатыр", - деді мердігер ұйым өкілі Шоқан Жұмадоллаев.
Қазір өңірде 28 спорт ғимараты салынып жатыр, оның 18-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері барлық қажетті жабдықпен жабдықталады.
Футбольные ворота - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2023
Баланың үстіне футбол қақпасы құлады: Қазақстанда барлық мектептің спорт алаңы тексеріледі
Жаңалықтар
0