https://sputnik.kz/20230819/luna-25-stantsiyasy-mikrometeorit-soqqysyn-tirkedi-37801137.html
"Луна-25" станциясы микрометеорит соққысын тіркеді
"Луна-25" станциясы микрометеорит соққысын тіркеді
Sputnik Қазақстан
Жердің табиғи серігін айналып жүрген ресейлік "Луна-25" автоматты станциясы бірнеше рет ғылыми құрылғыны іске қосты 19.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-19T17:52+0500
2023-08-19T17:52+0500
2023-08-19T17:52+0500
әлем
ғарыш
https://sputnik.kz/img/07e7/08/13/37799524_0:468:1280:1188_1920x0_80_0_0_9dbe427679559465712506d08d9c23e9.jpg
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. "Луна-25" жүргізген өлшемдер микрометеорит соққысын "көруге" мүмкіндік берді, деп хабарлайды Роскосмос."Ай бетіне жақын орналасқан микробөлшектерді тіркеуге және қоршаған плазманың параметрлерін анықтауға арналған PML құралы микрометеориттің соққысын тіркеді", - делінген корпорация хабарламасында.Ғалымдар микрометеорит Персеидтер метеорлық ағынына жатады деп болжап отыр.Сонымен қатар Айдың орбитасында алғаш рет иондық экзосфераны зерттеуге арналған АРИЕС-Л иондық энергия-масс анализаторы қосылды. Деректер 10 эВ-ден 3000 эВ-ге дейінгі энергия диапазонында бөлшектердің энергетикалық спектрлерін өлшеу үшін Ай бетіндегі құрылғының оңтайлы жұмыс режимін таңдауға мүмкіндік берді.Бұған қоса Айда түсірілген екі кадрды өңдеу нәтижесі бойынша Ғарыштық зерттеулер институтының мамандары рельефтің цифрлық моделімен байланыстырды."Бұл технология болашақта ғарыш аппаратының орбита туралы білімнің дәлдігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Роскосмос.
https://sputnik.kz/20230811/luna---25-shygys-garysh-aylagynan-galamshararalyq-stantsiya-qalay-ushyryldy--foto-video-37597631.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/13/37799524_0:274:1280:1234_1920x0_80_0_0_5eb2410c56b582516577b08ad018ef26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғарыш
"Луна-25" станциясы микрометеорит соққысын тіркеді
Жердің табиғи серігін айналып жүрген ресейлік "Луна-25" автоматты станциясы бірнеше рет ғылыми құрылғыны іске қосты
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. "Луна-25" жүргізген өлшемдер микрометеорит соққысын "көруге" мүмкіндік берді, деп
хабарлайды Роскосмос.
"Ай бетіне жақын орналасқан микробөлшектерді тіркеуге және қоршаған плазманың параметрлерін анықтауға арналған PML құралы микрометеориттің соққысын тіркеді", - делінген корпорация хабарламасында.
Ғалымдар микрометеорит Персеидтер метеорлық ағынына жатады деп болжап отыр.
Сонымен қатар Айдың орбитасында алғаш рет иондық экзосфераны зерттеуге арналған АРИЕС-Л иондық энергия-масс анализаторы қосылды. Деректер 10 эВ-ден 3000 эВ-ге дейінгі энергия диапазонында бөлшектердің энергетикалық спектрлерін өлшеу үшін Ай бетіндегі құрылғының оңтайлы жұмыс режимін таңдауға мүмкіндік берді.
Бұған қоса Айда түсірілген екі кадрды өңдеу нәтижесі бойынша Ғарыштық зерттеулер институтының мамандары рельефтің цифрлық моделімен байланыстырды.
"Бұл технология болашақта ғарыш аппаратының орбита туралы білімнің дәлдігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Роскосмос.