Жезқазғанда құны 288 млн теңге болатын құбыр ұрланған: іс сотқа жолданды

© Photo : КЧСТрубопровод прорвало на Лениногорском каскаде гидроэлектростанции в Риддере
Трубопровод прорвало на Лениногорском каскаде гидроэлектростанции в Риддере   - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. Ұлытау облысында құны шамамен 300 млн теңге болатын 13 мың метрден астам құбыр ұрланған, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
"Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды", - делінген хабарламада.
Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған.
Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған.
Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған азамат коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Жаңалықтар
0