https://sputnik.kz/20230818/toqaev-sel-tasqynynan-qorgaytyn-ayusay-bogetine-bardy-37773350.html
Тоқаев сел тасқынынан қорғайтын "Аюсай" бөгетін аралады
Тоқаев сел тасқынынан қорғайтын "Аюсай" бөгетін аралады
Sputnik Қазақстан
Бөгет сел жүру қаупін барынша азайтып, 500 мыңнан астам халық пен 2 мыңға жуық нысанның табиғат апатынан қорғалуын қамтамасыз етеді. 18.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-18T12:07+0500
2023-08-18T12:07+0500
2023-08-18T12:08+0500
қасым-жомарт тоқаев
алматы
бөгет
сел
https://sputnik.kz/img/07e7/08/12/37772235_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_4b3f03e24da5dbb90c8f99cdaabfc903.jpg
АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапары биыл 1 маусымда пайдалануға берілген сел тасқынынан қорғайтын бөгетпен танысудан басталды, деп хабарлайды Ақорда."Аюсай" бөгеті Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде орналасқан. Оның жоғары жағында сел қаупі бар 98 учаске, 89 мұздық, 20 мореналық және мұзды көл бар. Бөгет сел жүру қаупін барынша азайтып, 500 мыңнан астам халық пен 2 мыңға жуық нысанның табиғат апатынан қорғалуын қамтамасыз етеді."Аюсай" бөгетінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды.Бұл қондырғылар судың жылдамдығына, температурасына, лайлылығына және басқа да көрсеткіштерге онлайн-режимде мониторинг жүргізеді. Мұндай технологиялар келешекте еліміздің жеті таулы аймағында қолданысқа енгізіледі.Гидробекеттердегі мәлімет Дағдарыс жағдайын басқару орталығының бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын барлық ғылыми ұйым мен салалық ведомстволарға қолжетімді болады.Бөгет туралы ақпарат:
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/12/37772235_66:0:1215:862_1920x0_80_0_0_2b2f94000d18e61dde476e02f0c89800.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, алматы, бөгет, сел
қасым-жомарт тоқаев, алматы, бөгет, сел
Тоқаев сел тасқынынан қорғайтын "Аюсай" бөгетін аралады
12:07 18.08.2023 (жаңартылды: 12:08 18.08.2023) Бөгет сел жүру қаупін барынша азайтып, 500 мыңнан астам халық пен 2 мыңға жуық нысанның табиғат апатынан қорғалуын қамтамасыз етеді.
АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапары биыл 1 маусымда пайдалануға берілген сел тасқынынан қорғайтын бөгетпен танысудан басталды, деп хабарлайды Ақорда.
"Аюсай" бөгеті Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде орналасқан. Оның жоғары жағында сел қаупі бар 98 учаске, 89 мұздық, 20 мореналық және мұзды көл бар. Бөгет сел жүру қаупін барынша азайтып, 500 мыңнан астам халық пен 2 мыңға жуық нысанның табиғат апатынан қорғалуын қамтамасыз етеді.
"Аюсай" бөгетінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды.
Бұл қондырғылар судың жылдамдығына, температурасына, лайлылығына және басқа да көрсеткіштерге онлайн-режимде мониторинг жүргізеді. Мұндай технологиялар келешекте еліміздің жеті таулы аймағында қолданысқа енгізіледі.
Гидробекеттердегі мәлімет Дағдарыс жағдайын басқару орталығының бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын барлық ғылыми ұйым мен салалық ведомстволарға қолжетімді болады.
Бөгеттің биіктігі: 41,1 м;
Бөгет қырқасының ұзындығы: 330,2 м;
2,3 млн.м3 сел көшкінін ұстап қала алады;
Жоба құны: 10,5 млрд. теңге.