https://sputnik.kz/20230818/toqaev-prometheus-school-mektebine-bardy-37780030.html
Тоқаев Prometheus school мектебіне барды
Тоқаев Prometheus school мектебіне барды
Sputnik Қазақстан
Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр 18.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-18T15:38+0500
2023-08-18T15:38+0500
2023-08-18T15:38+0500
қасым-жомарт тоқаев
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e7/08/12/37779864_0:100:3285:1948_1920x0_80_0_0_ddea1ba03a32bb068eff23c3cf1d5cf5.jpg
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Prometheus school білім беру ұйымын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды.Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр.Мемлекет басшысына Enlightenment Power Group қоры жүзеге асырып жатқан жобалар туралы мәлімет берілді.Қор директоры әрі мектептің бақылаушылар кеңесінің төрағасы Досым Бесбайдың айтуынша, 1400 оқушыға арналған "ФизТех" мектебін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мектеп түлектердің әлемдегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік туғызу үшін сапалы білім беруді көздейді. Мектеп құрылысын биыл қараша айында аяқтау жоспарланған. Жобаға тартылған инвестиция көлемі – 3,9 миллиард теңге.Мемлекет басшысы Prometheus School мектебіндегі білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/12/37779864_278:0:3009:2048_1920x0_80_0_0_4588697e091a9019d6334f93bc256032.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мектеп
қасым-жомарт тоқаев, мектеп
Тоқаев Prometheus school мектебіне барды
Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Prometheus school білім беру ұйымын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды.
Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.
Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр.
Мемлекет басшысына Enlightenment Power Group қоры жүзеге асырып жатқан жобалар туралы мәлімет берілді.
Қор директоры әрі мектептің бақылаушылар кеңесінің төрағасы Досым Бесбайдың айтуынша, 1400 оқушыға арналған "ФизТех" мектебін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мектеп түлектердің әлемдегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік туғызу үшін сапалы білім беруді көздейді. Мектеп құрылысын биыл қараша айында аяқтау жоспарланған. Жобаға тартылған инвестиция көлемі – 3,9 миллиард теңге.
Мемлекет басшысы Prometheus School мектебіндегі білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты.