https://sputnik.kz/20230818/toqaev-elektromobilderge-arnalgan-infraqurylymdy-damytu-qazhet-37780752.html
Электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажет – Тоқаев
Электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажет – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Алматы әкімі президентке 2025 жылдың соңына дейін қаладағы қоғамдық көлік саласы толықтай экологиялық стандартқа көшірілетінін баяндады 18.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-18T15:57+0500
2023-08-18T15:57+0500
2023-08-18T16:19+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/253/74/2537460_0:42:1024:618_1920x0_80_0_0_b81f82639c5f48e970ff61f141bd37c8.jpg
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Алматының экологиялық ахуалын жақсарту үшін электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажет. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте айтты, деп хабарлады Ақорда.Қала әкімі Ерболат Досаев 2025 жылдың соңына дейін қаладағы қоғамдық көлік саласы толықтай экологиялық стандартқа көшірілетінін баяндады. Бұдан бөлек, қажетті инфрақұрылымды дамыту арқылы халықтың электромобильге деген сұранысын арттыру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.Мемлекет басшысы сондай-ақ таяуда "Ақкент" ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде болған өртті мысалға келтіріп, өрт қауіпсіздігі саласындағы ахуалды сынға алды. Президент Төтенше жағдайлар министрлігіне өрт кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік шаралары жөнінде халықтың сауатын арттыру үшін жаппай оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыруды тапсырды. Ал қала әкімдігіне өртке қарсы күрес қызметінің материалдық-техникалық базасын күшейту үшін пәрменді шаралар қабылдау міндеті жүктелді.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/253/74/2537460_74:0:951:658_1920x0_80_0_0_bcb239ec28be5a4779ef2fc4c6fc515d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажет – Тоқаев
15:57 18.08.2023 (жаңартылды: 16:19 18.08.2023) Алматы әкімі президентке 2025 жылдың соңына дейін қаладағы қоғамдық көлік саласы толықтай экологиялық стандартқа көшірілетінін баяндады
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Алматының экологиялық ахуалын жақсарту үшін электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажет. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Алматының экологиялық ахуалын жақсарту үшін қаладағы көлік қозғалысын реттеп, электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажет деп санайды", - деп жазылған хабарламада.
Қала әкімі Ерболат Досаев 2025 жылдың соңына дейін қаладағы қоғамдық көлік саласы толықтай экологиялық стандартқа көшірілетінін баяндады. Бұдан бөлек, қажетті инфрақұрылымды дамыту арқылы халықтың электромобильге деген сұранысын арттыру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.
Мемлекет басшысы сондай-ақ таяуда "Ақкент" ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде болған өртті мысалға келтіріп, өрт қауіпсіздігі саласындағы ахуалды сынға алды. Президент Төтенше жағдайлар министрлігіне өрт кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік шаралары жөнінде халықтың сауатын арттыру үшін жаппай оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыруды тапсырды. Ал қала әкімдігіне өртке қарсы күрес қызметінің материалдық-техникалық базасын күшейту үшін пәрменді шаралар қабылдау міндеті жүктелді.