"Жеңіл жаза тағайындаған": Тараз судьясы 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Жазылу
Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны әшкереленді
АСТАНА, 18 тамыз - Sputnik. Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Агенттіктің Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасаған жасырын іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны әшкереленді.

"Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындағаны үшін ақша алды деген күдікке ілінді", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Бас прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Жаңалықтар
0