https://sputnik.kz/20230818/shakhtadagy-apat-arselormittal-temirtau-basshylygy-zhauapqa-tartyla-ma-37773688.html
Шахтадағы апат: АрселорМиттал Теміртау басшылығы жауапқа тартыла ма
Шахтадағы апат: АрселорМиттал Теміртау басшылығы жауапқа тартыла ма
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов "Қазақстан" шахтасындағы апат үшін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының... 18.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-18T12:19+0500
2023-08-18T12:19+0500
2023-08-18T12:19+0500
қарағанды облысы
шахта
апат
арселормиттал теміртау
https://sputnik.kz/img/old/1079/81/10798134_0:540:5184:3456_1920x0_80_0_0_86188bf4d547567148eddcd49d0db8e1.jpg
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов "Қазақстан" шахтасындағы апат үшін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы қандай жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин шахтадағы апаттың себептері мен персоналдың қызметі тексерілгеннен кейін комиссияның материалдары сотқа жолданатынын атап өтті."Жауапкершілікті сот анықтайды. Комиссияның материалдарында техникалық қауіпсіздіктің, қызметтік нұсқаулардың бұзылуына себеп болған тұлғалар көрсетіледі", - деді ол.Еске салсақ, 17 тамыз күні "АрселорМиттал Теміртауға" қарайтын "Қазақстан" шахтасынан өрт шықты. Төтенше жағдай кезінде жер астында 227 кенші жүрген. Құтқарушылар 222 адамды жер бетіне шығарды. Өкінішке қарай екі адам қаза тапты. Қалған үш шахтер әлі іздестіріліп жатыр.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1079/81/10798134_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_6bcd4e60cd467e139532528829e2ee08.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, шахта, апат, арселормиттал теміртау
қарағанды облысы, шахта, апат, арселормиттал теміртау
Шахтадағы апат: АрселорМиттал Теміртау басшылығы жауапқа тартыла ма
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов "Қазақстан" шахтасындағы апат үшін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы қандай жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл – топтық жазатайым оқиға. Сол себепті Қылмыстық кодекске сәйкес, егер сот басшылықты кінәлі деп тапса, онда жеті жылға дейін қылмыстық жаза қарастырылған", - деді Оспанқұлов "Қазақстан" шахтасындағы төтенше жағдайға арналған брифингте.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин шахтадағы апаттың себептері мен персоналдың қызметі тексерілгеннен кейін комиссияның материалдары сотқа жолданатынын атап өтті.
"Жауапкершілікті сот анықтайды. Комиссияның материалдарында техникалық қауіпсіздіктің, қызметтік нұсқаулардың бұзылуына себеп болған тұлғалар көрсетіледі", - деді ол.
Еске салсақ, 17 тамыз күні "АрселорМиттал Теміртауға" қарайтын "Қазақстан" шахтасынан өрт шықты. Төтенше жағдай кезінде жер астында 227 кенші жүрген. Құтқарушылар 222 адамды жер бетіне шығарды. Өкінішке қарай екі адам қаза тапты. Қалған үш шахтер әлі іздестіріліп жатыр.