Қарағанды облысында тағы бір кеншінің мәйіті табылды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАрхивное фото шахтеров в шахте
Архивное фото шахтеров в шахте - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Жазылу
Қазіргі уақытта оны шығару жұмыстары басталды
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында тағы бір кеншінің денесі табылды. Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" тау-кен сегменті бойынша атқарушы директоры Сергей Огай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін бір кеншінің денесі шығарылған болатын.

"Таңғы сағат 8:15-тегі жағдай бойынша тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазіргі уақытта оны шығару жұмыстары басталды", - деді Огай.

Оның айтуынша, қазіргі кезде өрт сөндіруге төрт бөлім тартылды. Олар су шашып, шахтаның ішіндегі температураны барынша төмендетуге тырысып жатыр.
"Бұдан бөлек, үш бөлімнің маманы қалған жұмысшыларды іздестіріп жатыр. Қазіргі кезде қажетті шаралар қолға алынды. Мамандар, көмір департаментінің басшылары және "Қазақстан" шахтасының қызметкерлері тәулік бойы кәсіпорында жүр, апатты жоюға атсалысып жатыр ", - деп атап көрсетті Огай.
Жұмысшылардың туыстарына психологиялық және моральдық көмек көрсетіліп жатыр.
Жаңалықтар
0