Новороссийск портындағы өрт Қазақстан мұнайын тасымалдауға кедергі келтірген жоқ

© Каспийский трубопроводный консорциумВыносное причальное устройство (ВПУ) Каспийского трубопроводного консорциума
Выносное причальное устройство (ВПУ) Каспийского трубопроводного консорциума - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Жазылу
Өрт 1300 шаршы метр аумақты шарпыды
АСТАНА, 18 тамыз - Sputnik. Новороссийск портының жүк терминалында болған өрт Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы арқылы мұнай жөнелту объектілеріне кедергі келтірген жоқ, деп хабарлады энергетика министрлігі.
" Бұл жағдай Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы және Новороссийск портына жақын Шесхарис мұнай тиеу кешені арқылы тиеуге әсерін тигізген жоқ", - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы және Новороссийскі порты Шесхарис мұнай терминалы арқылы Қазақстпан мұнайын тиеп-жөнелту штатты және жоспарлы режимде жүзеге асырылып жатыр.
Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесі – Қазақстаннан мұнай жөнелтетін негізгі экспорттық бағыт.
КҚК мұнай құбыры Қазақстанның батысындағы мұнай кен орындарын және Ресейдің Новороссийск теңіз портын байланыстырады. Осы порт арқылы қазақстандық мұнай танкерлермен Қара теңіз арқылы Еуропаға жөнелтіледі.
Бүгін Новороссийск портының жүк терминалында алапат өрт болды. Ағаштан жасалған паллеттер өртенді. Өрт 1300 шаршы метр аумақты шарпыды.
Тамыздың 3-інен 4-іне қараған түні Украина қарулы күштері Новороссийсктегі әскери-теңіз базасына экипажсыз екі катермен шабуыл жасауға тырысты. Энергетика министрлігінің басшысы хабарлағандай, осыдан кейін Қазақстан Қара теңіздегі порт жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бастама көтермек болды. Тиісті тапсырманы үкімет басшысы берді.
Жаңалықтар
0