Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО өкілінің мәлімдемесі Украина билігінің наразылығын тудырды

© AP Photo / Louise DelmotteВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Жазылу
Киев пен Батыс арасында дипломатиялық дау туды. НАТО мемлекеттік хатшысы кеңсесінің басшысы Стиан Йенсен Украина кейбір даулы аумақтарды Ресейге берген жағдайда альянсқа қосылуы мүмкін екенін айтты. Бірақ көп ұзамай мұны жоққа шығарып, журналистердің айтылғанды дұрыс түсінбеді деген мәлімдеме жасалды, деп жазды, РИА Новости.
Йенсен кешірім сұрады. Соған қарамастан Украина билігі наразы. Сыртқы істер министрлігінің спикері Олег Николенко мұндай әңгіменің толықтай орынсыз екенін айтты. Ол Киевтің өз аумағын саудаламайтынын және кеңсе басшысының мәлімдемесі "Ресей үшін тиімді болғанын" атап өтті.
Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Йенсеннің мәлімдемесін "Путиннің триумфы" деп санайды. Оның көзқарасы бойынша, мұндай мәміле қақтығыстың кейінгі ұрпаққа берілуіне ғана әкеледі. "Слуга народа" парламенттік фракциясының жетекшісі Давид Арахамия аумақтардан бас тарту "ресейлік агрессияға" күш беретініне сенімді.
Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев ондағы барлық аумақтар "жоғары деңгейде даулы" екенін түсіндірді. Атап айтқанда, Украина НАТО-ға кірер алдында Киевтен бас тартып, астанасын Львовқа көшіруі керек.
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Йенсеннің сөзін АҚШ-тың Украина мәселесінен шаршағанының белгісі деп бағалады. "Олар Ақ үйдің әрекетімен бүкіл әлемді тығырыққа тіреген жағдайдан шығу үшін бірдеңе істеуі керек. Сондықтан осындай мәлімдемелер жасалып жатыр", - деп түйіндеді ол.
Жыл басында швейцариялық Neue Zürcher Zeitung басылымы АҚШ-тың Ресей мен Украинаға қазіргі нәтижелерін мойындап, әскери қимылдарды тоқтатуды ұсынғаны туралы мақала жариялады. Мәскеу мен Киевте болған Орталық барлау қызметінің директоры Уильям Бернс өкіл ретінде әрекет етті. Бірақ қарсы тараптар бұдан бас тартты. Оның үстіне екі астанадағылар да бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Енді Украинаның қарсы шабуылының сәтсіздігі белгілі болған соң, Батыстағы бұқаралық ақпарат құралдары бұл тақырыпқа қайта оралды. Мысалы, The Economist журналы Украина Ресеймен аумақтық дауларды реттесе ғана НАТО-ға кіре алатынын жазды. Сонымен бірге басылымда осылайша Киевтің қақтығыста мақсатқа жету қабілеті мен Батыстың ақша беруге дайын екендігі арасындағы алшақтықты жоятыны жазылған.
EUobserver интернет-ресурсы қазіргі уақытта дайындалған "бейбітшілік жоспарының" көбісі бейбітшілік үшін аумақтарды алмасуға негізделгенін атап өтеді. Ал ұзаққа созылған қарулы қақтығысқа ешкім мүдделі болмағандықтан, көптеген бақылаушылар Киевтің төзімсіздігіне наразы. НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Вильнюстегі саммит қарсаңында Украинаны ішінара қабылдауды ұсынып, ГФР мен ГДР-ді мысал ретінде атады.
Саясаттанушы Александр Дудчак Йенсеннің сөзін ахуалды анықтау үшін жасалған әрекет деп санайды. НАТО барлық қажетті ақпаратты жинаған бойда оның сөздері жоққа шығарылды.
"Соғыс қимылдарынан ақша тауып жатқандар бұл мүдделерді сату деп дабыл қағуда. Бірақ соғысты тоқтатқысы келетіндер де бар. Мәскеу бұл ұсынысты қарастыруға дайын, бірақ оның салдары туралы ойлану керек. Арнайы әскери операцияны қазір тоқтату оның болашақта қайта басталуына әкелуі мүмкін. Ол кезде Киев қайтадан күшіне мінуі мүмкін. Сондықтан ең дұрысы Украинаның амалы таусылғанша жалғастыра беру керек", - деді ол РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Саясаттанушы Сергей Марков НАТО әлі нақты шешім қабылдаған жоқ деп есептейді.
"Ресейдің әскери жеңілісі негізгі сценарий болып қала береді. Бірақ Украинаны альянсқа ішінара қабылдау нұсқалары да қарастырылып жатыр. Мәскеу бұған келіспейді. Басты мақсат – демилитаризациялау және денацификациялау. Яғни, Үндістан (Пәкістан – редакция ескертпесі) және Израиль (Палестина – редакция ескертпесі) жанындағыдай біздің жанымызда да антагонист болмауы керек", - деді сарапшы.
Оның айтуынша, ымыраға келуге болады, бірақ олардың әрқайсысы түптеп келгенде Ресей тарапынан кері шегінуді білдіреді. Бұл тұрғыда ол Дудчактың пікірімен келіседі: Киевтің серіктестері соғыс қимылдарын тоқтатуды қақтығыстың аяқталуы емес, екінші кезең алдындағы тынығу ретінде қарастырады.
Жаңалықтар
0