Минскте ЕАЭО-ның трансшекаралық нарықта адал бәсекелестікті сақтау мәселесі талқыланады

© Sputnik / Таалайбек ОроскуловАрхивное фото флагов стран-участниц ЕАЭС
Архивное фото флагов стран-участниц ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Жазылу
ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлері өздерінің проблемалық мәселелерін Еуразиялық экономикалық комиссия мамандарымен жеке талқылай алады
АСТАНА, 17 тамыз - Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділік пен трансшекаралық нарықтағы адал бәсекелестікті сақтау мәселелерін 7 қыркүйекте Минскіде ЕЭК сарапшылары мен кәсіпкерлер талқылайды, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.
Беларусь әмбебап тауар биржасының алаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі қоғамдық қабылдауы болады.
"ЕАЭО трансшекаралық нарықта бәсекелестіктің жалпы ережелері мен олардың іс жүзінде сақталуын бақылау мәселелері талқыланады. ЕЭК пен ұлттық бәсекелес ведомстволардың өкілеттіктерін, сондай-ақ одақтағы мемлекеттік сатып алудың өзекті мәселелері де осы жерде айтылатын болады", - деп атап өтті комиссияның баспасөз қызметі.
Ведомствода кәсіпкерлер жеке кеңестер алып, өздерін мазалаған мәселеге жауап ала алады.
"Кәсіпкерлер ЕЭК сарапшыларымен жеке әңгімелесіп, проблемалық мәселелерді талқылап, оларды шешуге мүмкіндік алады", - деп атап өтті комиссия.
Жаңалықтар
0