1 қыркүйектен бастап мемлекеттік шәкіртақы мөлшері артады - үкімет қаулыға қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, банкноты
Деньги, тенге, купюры, банкноты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Жазылу
Тиісті тапсырманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын
АСТАНА, 18 тамыз - Sputnik. 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері артады. Тиісті тапсырманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда,
Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%,
Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%,
Техникалық және кәсіптік білім студенттерінің шәкіртақысы 50% арттырылды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.
Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей:
докторанттарға (оның ішінде "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша) – 217 500 теңге;
даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;
магистранттарға – 97 024 теңге;
интерндерге – 75 890 теңге;
жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және "Денсаулық сақтау" бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
даярлаудың педагогикалық бағыттары және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;
техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;
техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.
Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енеді.
Айта кетейік, сонымен қатар мемлекет басшысының жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 процентке өсетін болады.
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2023
Министр Саясат Нұрбек студенттер үшін жағымды жаңалықты бөлісті
Жаңалықтар
0