Қорғаныс шығындарын толыққанды қаржыландыру қажет – Тоқаев

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана келбеті
Астана келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Жазылу
Президентке 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлері туралы мәлімет берілді
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау және 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлады Ақорда.
Президентке әлемдік экономикадағы трендтер, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жасалған болжамдар, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлері туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы теңгерімді макроэкономикалық саясат жүргізу, мемлекеттің әлеуметтік салада қабылдаған барлық міндеттемесін сақтау маңызды екеніне назар аударды.
"Жоспарланған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға, экономиканың нақты секторын қолдауға және дамытуға, жалпымемлекеттік шығындарға, соның ішінде қорғаныс және құқық қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шығындарды толыққанды қаржыландыру қажет", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кеңес қорытындысы бойынша үкіметке бюджет процесіне бақылауды күшейту, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың қаржы жұмсау тәртібін жетілдіру жөнінде тапсырма берілді.
Кеңеске премьер-министр, қаржы-экономикалық блокқа жауапты мемлекеттік органдардың және Ұлттық банктің, Жоғары аудиторлық палатаның басшылары қатысты.
Жаңалықтар
0