Қазақстандықтар көлік нөмірін онлайн бере алады

© SputnikГосударственные номера автомобилей в Казахстане
Государственные номера автомобилей в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Жазылу
Онлайн рәсімдеу келесі жылы шілдеден бастап жүзеге асады
АЛМАТЫ, 17 тамыз - Sputnik. Қазақстандықтар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін екінші тұлғаға онлайн түрде бере алатын болады. Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Онлайн рәсімдеу келесі жылы шілдеден бастап жүзеге асады.
"Бұрын көлік сатып алғанда, тіпті онлайн транзакция жасағанда жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға келу керек болған. Енді мұндай қажеттілік жойылды. Көлік нөмірін туыстарына беру мүмкіндігін қарастырдық" - дейді Бағдат Мусин.
Тағы бір жаңалық, көлік иесі тұрғылықты жерін ауыстырса көлік нөмірін де ауыстырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ көлік нөмірін тіркеуге қажетті құжаттар саны азайтылады. Мусиннің айтуынша, дәл осы оңтайлы жоспарлар толық зерттеліп барып, іске қосылады.
Государственные регистрационные знаки транспортных средств РФ, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Бір аптаның ішінде өзге елде тіркелген мыңдаған көлік уақытша есепке қойылды
Жаңалықтар
0