https://sputnik.kz/20230817/qazaqstanda-qymyz-ondirisi-56-ke-osti-37748051.html
Қазақстанда қымыз өндірісі 56%-ке өсті
Қазақстанда қымыз өндірісі 56%-ке өсті
Sputnik Қазақстан
Өндірістің өсу себептерінің бірі - бие сүтін өңдеу көлемінің ұлғаюы 17.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-17T20:29+0500
2023-08-17T20:29+0500
2023-08-17T20:29+0500
қымыз
өндіріс
https://sputnik.kz/img/229/62/2296277_0:853:3280:2698_1920x0_80_0_0_8828e0a2ae671c108dbbb51e3f742fa0.jpg
АЛМАТЫ, 17 тамыз - Sputnik. Қазақстанда қымыз өндіру былтырғы жылмен салыстырғанда 55,9%-ке артты, деп хабарлайды energyprom.kz.Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 1,2 мың тонна қымыз өндірілді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,9%-ке артық.2017 жылдан бері ең жоғары жылдық өсім 47,4% болған. Соңғы екі жылда қымыз өндірісінің жалпы көлемі шамамен 2,1-2,2 мың тонна болды.Energyprom.kz сарапшыларының пікірінше, өндірістің өсу себептерінің бірі - бие сүтін өңдеу көлемінің ұлғаюы. Егер 2017 жылы фермерлер мен жеке аулалардың иелері 26,6 мың тонна сауын туралы есеп берсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 29,4 мың тоннаны құрады.Қазақстанда бие сүтін өндіру үшін жылқы өсіруге маманданған ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары аз. Өткен жылы сүттің жартысынан көбі, яғни жалпы көлемінің 58%-і жеке аулаларда, тағы 37,7%-і жеке кәсіпкерлердің шаруашылықтарында немесе шаруа қожалықтарында алынды.Сүт өнімі бойынша Түркістан облысы көш басында тұр. Сүт өнімінің төрттен бір бөлігі осы аймақта өндіріліп жатыр. Екінші орынды Қарағанды облысы.Сондай-ақ шұбатты қайта өңдеуде де өсу үрдісі байқалады. 2022 жылы түйе сүтінен 3,1 мың тонна өнім өндірілді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Содан кейін елде 1,6 тонна ашытылған сүт өнімі өндірілді. Бұл ретте сауын тек 16,7%-ке ұлғайды. Өткен жылы түйе ұстайтын шаруашылықтарда шұбат үшін 17,5 мың тонна шикізат алынды.2019 жылы өндіріс бірден 4,6 мың тоннаға дейін өскен.2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,5 мың тонна шұбат өндірілді, бұл өткен жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 13%-ке артық.Тамыз айының ортасында шұбат литрінің ең төменгі құны 700 теңге, ең жоғары құны 1,5 мың теңге болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың екінші тоқсанында қымыз бағасы өткен жылмен салыстырғанда 20,5%-ке өсті.
https://sputnik.kz/20200713/okpe-qymyz-shubat-14462946.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/229/62/2296277_0:546:3280:3006_1920x0_80_0_0_622cb49f9be07c31aa32c3ed1201d658.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қымыз, өндіріс
Қазақстанда қымыз өндірісі 56%-ке өсті
Өндірістің өсу себептерінің бірі - бие сүтін өңдеу көлемінің ұлғаюы
АЛМАТЫ, 17 тамыз - Sputnik. Қазақстанда қымыз өндіру былтырғы жылмен салыстырғанда 55,9%-ке артты, деп хабарлайды energyprom.kz.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 1,2 мың тонна қымыз өндірілді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,9%-ке артық.
2017 жылдан бері ең жоғары жылдық өсім 47,4% болған. Соңғы екі жылда қымыз өндірісінің жалпы көлемі шамамен 2,1-2,2 мың тонна болды.
Energyprom.kz сарапшыларының пікірінше, өндірістің өсу себептерінің бірі - бие сүтін өңдеу көлемінің ұлғаюы. Егер 2017 жылы фермерлер мен жеке аулалардың иелері 26,6 мың тонна сауын туралы есеп берсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 29,4 мың тоннаны құрады.
Қазақстанда бие сүтін өндіру үшін жылқы өсіруге маманданған ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары аз. Өткен жылы сүттің жартысынан көбі, яғни жалпы көлемінің 58%-і жеке аулаларда, тағы 37,7%-і жеке кәсіпкерлердің шаруашылықтарында немесе шаруа қожалықтарында алынды.
Сүт өнімі бойынша Түркістан облысы көш басында тұр. Сүт өнімінің төрттен бір бөлігі осы аймақта өндіріліп жатыр. Екінші орынды Қарағанды облысы.
Сондай-ақ шұбатты қайта өңдеуде де өсу үрдісі байқалады. 2022 жылы түйе сүтінен 3,1 мың тонна өнім өндірілді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Содан кейін елде 1,6 тонна ашытылған сүт өнімі өндірілді. Бұл ретте сауын тек 16,7%-ке ұлғайды. Өткен жылы түйе ұстайтын шаруашылықтарда шұбат үшін 17,5 мың тонна шикізат алынды.
2019 жылы өндіріс бірден 4,6 мың тоннаға дейін өскен.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,5 мың тонна шұбат өндірілді, бұл өткен жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 13%-ке артық.
Тамыз айының ортасында шұбат литрінің ең төменгі құны 700 теңге, ең жоғары құны 1,5 мың теңге болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың екінші тоқсанында қымыз бағасы өткен жылмен салыстырғанда 20,5%-ке өсті.