Өңірлер

Мемлекеттік орган бизнесменге 82 млн теңге қайтарды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Атырау облысының мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерге 82 млн теңге қайтаруға міндеттелді, деп хабарлайды Атырау көлік прокуратурасы.
Атырау көлік прокуратурасы кәсіпкердің артық төленген кедендік және салық сомасын қайтару туралы өтініштерін қанағаттандырудан негізсіз бас тарту фактісін анықтаған.
Белгілі болғандай, фискалды орган екі жыл бұрын күшін жойған нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасап, бірнеше ай бойы адал кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан.
"Прокуратураның араласуынан кейін ғана мемлекеттік орган өз әрекеттерінің заңсыздығын мойындаған және тарифтік мөлшерлеменің төмендеуін ескеріп бұрын төленген соманы қайтарған", - делінген хабарламада.
Нәтижесінде кәсіпкердің шотына 82 млн теңге түсті, ал кінәлі лауазымды тұлға "қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түрінде тәртіптік жазаға тартылды.
жер телімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
"Форбс" тізіміндегі белгілі кәсіпкердің жері мемлекетке қайтарылды
Жаңалықтар
0