Астанада үш жасар баланың зәрі қызғылт түске боялған: ота сәтті өтті

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуОперация, архивтегі фото
Операция, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Жазылу
Астанадағы №2 көпбейінді балалар ауруханасына жыл сайын қуық-зәр шығару жүйесі сырқаттарымен 2000-ға жуық бала түседі. Олардың 80 пайызына операция жасалады
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Астаналық дәрігерлер түрік мамандарымен бірге үштен енді асқан балаға күрделі ота жасады, деп хабарлады Хабар 24.
Кәрім гематурия диагнозымен ауруханаға түсті. Яғни, зәрі қызғылт түске боялған соң анасы дәрігерге алып келген. Ал сараптама барысында зәр жүру жолы кеңейгені анықталды. Бұл уақыт өте бүйректі істен шығаруы әбден мүмкін еді. Бүлдіршінге Түркиядан келген мамандар ота жасады.
Ал ертең түрік дәрігерлерінің қатысуымен тағы бір күрделі операция өткізу жоспарланып отыр. Он үш жасар қыздың қуығы ішегінен алынып, жаңадан қойылады. Бұл – елу мың адамда бір кездесетін өте сирек ауру. Операция сегіз сағатқа жоспарланған.
Айта кетері, қуық-зәр жүйесі кеңею дертімен 1500 баланың біреуі ауырады. Дәрігерлер бұл ем-дом шарасы мол тәжірибені қажет ететінін айтады. Ота көбіне эндоскопиялық тәсілмен атқарылады. Бұл тұрғыда отандық мамандардың еңбегі зор екенін атап өту керек.
Түрік маманы Керим Озил де қазақстандық дәрігерлердің кәсіби деңгейіне жоғары баға береді.
"Біз бұл жерге тәжірибе алмасу үшін келдік. Әркімнің оқып түйгені бар. Қазақстандық дәрігерлердің тәжірибесі түрік мамандарынан еш кем түспейтінін атап өткім келеді. Мен әр келген сайын жаңа әдіс-тәсілдерді көріп, машықтармен танысып жүрмін. Мұндағы денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасының да жақсы жабдықталған. Бұл да дәрігерлердің сапалы қызмет көрсетуіне үлкен көмек", - дейді Еуропа балалар хириургиясы қауымдастығының мүшесі Керим Озил.
№2 көпбейінді балалар ауруханасында жылына 13 мың ота жасалады. 2 жастан 18 жасқа дейінгі мыңдаған бала дәрігерлердің шарапатын көрді. Түркиядан басқа да мемлекеттерден білікті мамандар келіп тұрады. Олар 100-ден аса отаға қатысты. Сондай-ақ, былтырдан бері ауруханада 17 шеберлік дәрісі өтті.
Жаңалықтар
0