Қоғам

Жер қойнауын пайдаланушылар кейбір қазақстандықтарды өз қаржысына оқытуға міндеттелді

© PhotoКомпания NCOC
Компания NCOC - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
Жазылу
Енді Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін азаматтарды оқытуға қаражат бөлуге міндетті
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Компаниялар халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтарды оқытуға қаражат бөлуге міндеттелді.

Негізгі өзгерістер:

енді жер қойнауын пайдаланушылардың ақшасы есебінен техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде дуальді оқыту жүйесінде білім алушылар кәсіптік практикадан өте алады;
қаражат Қазақстан азаматтарының біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға бағытталады;
халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына жататын, жер қойнауын пайдаланушының жұмысшылары емес қазақстандық кадрларды оқытуға жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерінің жалпы көлемінің 30% мөлшерінде міндетті ең төменгі шегі белгіленген.
Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі кеңейтілді. Атап айтқанда, оған ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар азаматтар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар қосылды.
Сондай-ақ ережеге мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қаражат жіберу туралы міндеттеме енгізілді.

Жұмыстарға не жатады:

құрылыс;
күрделі және ағымдағы жөндеу.

Қызметтерге мыналар кіреді:

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, серверлік жабдықтың объектілері мен технологияларын іске қосу, баптау, жөндеу және (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, бейімдеу және (немесе) қолдану;
деректерді өңдеу жөніндегі қызметтер;
сәулет-жобалау жұмыстары;
құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеумен байланысты кешенді инженерлік қызметтер.
Жаңалықтар
0