https://sputnik.kz/20230816/tarazda-zamanaui-onkologiya-ortalygy-ashyldy-37726043.html
Таразда заманауи онкология орталығы ашылды
Таразда заманауи онкология орталығы ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Таразда заманауи онкология орталығы пациенттерді қабылдай бастады. Медициналық мекеме сәулелік терапияға арналған жоғары... 16.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-16T14:28+0500
2023-08-16T14:28+0500
2023-08-16T14:28+0500
денсаулық
тараз
онкология
https://sputnik.kz/img/07e7/08/10/37725877_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_c58b9176e03fc8d502a5ba71338d97ea.jpg
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Таразда заманауи онкология орталығы пациенттерді қабылдай бастады. Медициналық мекеме сәулелік терапияға арналған жоғары технологиялық үдеткішпен, соңғы КТ және МРТ аппараттарымен, эндоскопиялық және ең аз инвазивті жабдықтармен жабдықталған, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.Орталықта халықаралық стандарттарға сәйкес реанимация және анестезиология бөлімшелері, сондай-ақ операциялық блок ұйымдастырылып, жарақтандырылды. Тәулік бойы және күндізгі палаталардағы жағдайлар пациенттер үшін жайлы және ыңғайлы."Онкологиялық орталықта цитостатиктерді орталық сұйылтудың автоматтандырылған кабинеті ұйымдастырылған, бұл венаішілік инфузияға арналған химиялық, таргеттік және иммунологиялық-онкологиялық препараттардың ерітінділерін мүмкіндігінше дәл және жылдам дайындауға мүмкіндік береді. Консультациялық-диагностикалық емхана келушілер үшін барынша ыңғайлы. Барлық бөлімшедегі медицина қызметкерлеріне нәтижелі жұмыс үшін барлық жағдай жасалған", - делінген хабарламада.Министрлік Тараздағы жаңа онкология орталығы жергілікті тұрғындарға онкологиялық көмектің заманауи әдістерінің толық спектрін ұсынатынын атап өтті. Енді пациенттерге сәулелік терапия алу үшін басқа өңірге барудың қажеті жоқ, өйткені орталық конформды сәулелік терапия, IGRT және IMRT сияқты озық әдістерді жүзеге асыруға қабілетті заманауи аппаратпен жабдықталған.
https://sputnik.kz/20230103/qyzylordada-364-mlrd-tengege-zhana-aurukhana-salynady-30821411.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/10/37725877_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_8b4359310a6ebb02b66ce2a62be1b6de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, онкология
Таразда заманауи онкология орталығы ашылды
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Таразда заманауи онкология орталығы пациенттерді қабылдай бастады. Медициналық мекеме сәулелік терапияға арналған жоғары технологиялық үдеткішпен, соңғы КТ және МРТ аппараттарымен, эндоскопиялық және ең аз инвазивті жабдықтармен жабдықталған, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Орталықта халықаралық стандарттарға сәйкес реанимация және анестезиология бөлімшелері, сондай-ақ операциялық блок ұйымдастырылып, жарақтандырылды. Тәулік бойы және күндізгі палаталардағы жағдайлар пациенттер үшін жайлы және ыңғайлы.
"Онкологиялық орталықта цитостатиктерді орталық сұйылтудың автоматтандырылған кабинеті ұйымдастырылған, бұл венаішілік инфузияға арналған химиялық, таргеттік және иммунологиялық-онкологиялық препараттардың ерітінділерін мүмкіндігінше дәл және жылдам дайындауға мүмкіндік береді. Консультациялық-диагностикалық емхана келушілер үшін барынша ыңғайлы. Барлық бөлімшедегі медицина қызметкерлеріне нәтижелі жұмыс үшін барлық жағдай жасалған", - делінген хабарламада.
Министрлік Тараздағы жаңа онкология орталығы жергілікті тұрғындарға онкологиялық көмектің заманауи әдістерінің толық спектрін ұсынатынын атап өтті. Енді пациенттерге сәулелік терапия алу үшін басқа өңірге барудың қажеті жоқ, өйткені орталық конформды сәулелік терапия, IGRT және IMRT сияқты озық әдістерді жүзеге асыруға қабілетті заманауи аппаратпен жабдықталған.