Қазақстан мен Сейшел аралдары өзара визасыз режимді енгізуді жоспарлап отыр

© Sputnik / Андрей Александров / Медиабанкке өтуАрхивное фото сотрудника погранслужбы, ставящего штамп о пересечении границы
Архивное фото сотрудника погранслужбы, ставящего штамп о пересечении границы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 тамыз - Sputnik. Қазақстан мен Сейшел аралдары өзара визасыз режимді енгізеді, келісімнің тиісті жобасы "Ашық НҚА"сайтында орналастырылған.
Қазақстан мен Сейшел Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімді талқылау 28 тамызға дейін қолжетімді. Құжатты әзірлеуген Қазақстан СІМ.
"Визалық талаптардан өзара босату Қазақстан Республикасы мен Сейшел Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді", - делінген келісімге түсіндірме жазбада.
Жоба қабылданса республикалық бюджетке кіріс биылғы жылдың 3 және 4-тоқсанында және 2024-2025 жылдар кезеңінде 345 мың теңге мөлшерінде азаятыны көрсетілген.
Жаңалықтар
0