https://sputnik.kz/20230816/bqo-akimi-orynbasarynyn-isi-sotta-qaralyp-zhatyr-37735041.html
БҚО әкімі орынбасарының ісі сотта қаралып жатыр
БҚО әкімі орынбасарының ісі сотта қаралып жатыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Орал қалалық сотында БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Балтаев пен "Aqjaiyq ӘКК" басқарма төрағасының бірінші... 16.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-16T20:04+0500
2023-08-16T20:04+0500
2023-08-16T20:04+0500
батыс қазақстан облысы
әкім
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/1182/51/11825181_0:213:2048:1365_1920x0_80_0_0_153f98c241e006a71437289724b954c3.jpg
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Орал қалалық сотында БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Балтаев пен "Aqjaiyq ӘКК" басқарма төрағасының бірінші орынбасары Артур Досқалиевке қатысты қылмыстық істі қарау басталды, деп хабарлайды "Орал апталығы" порталы.Айта кету керек, іс жеңілдетілген тәртіппен қаралады. Өйткені, екі сотталушы да өз кінәсін мойындап, келтірілген залалды өтеген.Облыс әкімінің орынбасары Балтаев лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Тергеу кезінде оның көлік жүргізушісін жұмысқа кіргізбек болғаны анықталды.Биыл 31 наурыз бен 30 маусым аралығында "Аqjaiyq ӘКК" шотынан "штатта жоқ адамдар" шотына 1,9 миллион теңге аударылды. Белгілі болғандай, сотталушылар сотқа дейінгі тергеу кезінде бұл залалды толығымен өтеген.Ержан Балтаев өз кінәсін толық мойындап, әрқашан адал жұмыс істеуге тырысқанын айтты. Бұл қадамға ол жүргізушісінің адал еңбегі мен аз жалақысына бола барғанын айтады.Прокурор соттан Ержан Балтаевты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тануды сұрады. Оған мүлкі тәркіленбестен 2 500 АЕК немесе 8,6 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады.Ал екінші сотталушы Артур Досқалиев өзінің міндеттерін әрқашан адал орындауға тырысқанын айтты. Досқалиев соттан оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды және оны айыппұл төлеуден босатуды сұрады.
https://sputnik.kz/20230808/batys-qazaqstan-oblysy-akiminin-birinshi-orynbasary-zhemqorlyq-zhasady-degen-kudikke-ilindi-37343970.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1182/51/11825181_228:0:2048:1365_1920x0_80_0_0_fc2692ab4b8f917317c10178fb190c95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, әкім, сыбайлас жемқорлық
батыс қазақстан облысы, әкім, сыбайлас жемқорлық
БҚО әкімі орынбасарының ісі сотта қаралып жатыр
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Орал қалалық сотында БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Балтаев пен "Aqjaiyq ӘКК" басқарма төрағасының бірінші орынбасары Артур Досқалиевке қатысты қылмыстық істі қарау басталды, деп хабарлайды "Орал апталығы" порталы.
Айта кету керек, іс жеңілдетілген тәртіппен қаралады. Өйткені, екі сотталушы да өз кінәсін мойындап, келтірілген залалды өтеген.
Облыс әкімінің орынбасары Балтаев лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Тергеу кезінде оның көлік жүргізушісін жұмысқа кіргізбек болғаны анықталды.
Биыл 31 наурыз бен 30 маусым аралығында "Аqjaiyq ӘКК" шотынан "штатта жоқ адамдар" шотына 1,9 миллион теңге аударылды. Белгілі болғандай, сотталушылар сотқа дейінгі тергеу кезінде бұл залалды толығымен өтеген.
Ержан Балтаев өз кінәсін толық мойындап, әрқашан адал жұмыс істеуге тырысқанын айтты. Бұл қадамға ол жүргізушісінің адал еңбегі мен аз жалақысына бола барғанын айтады.
Прокурор соттан Ержан Балтаевты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тануды сұрады. Оған мүлкі тәркіленбестен 2 500 АЕК немесе 8,6 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады.
Ал екінші сотталушы Артур Досқалиев өзінің міндеттерін әрқашан адал орындауға тырысқанын айтты. Досқалиев соттан оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды және оны айыппұл төлеуден босатуды сұрады.