https://sputnik.kz/20230816/bosanu-kezinde-zhukti-ayelge-komektesetin-serigi-ne-istey-alady-37711266.html
Босану кезінде жүкті әйелге көмектесетін серігі не істей алады
Босану кезінде жүкті әйелге көмектесетін серігі не істей алады
Sputnik Қазақстан
Статистика бойынша елімізде әйелдер босану кезінде көбіне жанында аналарының болғанын қалайды екен 16.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-16T11:35+0500
2023-08-16T11:35+0500
2023-08-16T11:35+0500
босану
жаңа босанған әйел
босандыру бөлімі
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:180:1920:1260_1920x0_80_0_0_4c4d4c91e1e378df1a5486adbc29e41f.jpg
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелге босану кезінде көмектесетін серігінің болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Статистика бойынша елімізде әйелдер босану кезінде көбіне жанында аналарының болғанын қалайды екен.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулеріне сәйкес, босану кезінде жанында қолдайтын адамның болуы ананың да, баланың да денсаулығына жақсы әсер етеді. Әйел босану процесіне оңайырақ төзеді, өзін еркін сезінеді.Қазақстанда акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарты бар. Осы стандартқа сәйкес, жүкті әйел босану палатасына жатқызылады. Аяғы ауыр келіншектің босануына психологиялық қолдау көрсететін жанындағы серігінде ауыр инфекциялық аурулар болмауы тиіс. Жүкті әйелге көмек көрсететін серігі босану палатасына таза киіммен және ауыстырып киетін аяқ киіммен жіберіледі."Босану кезінде қолдау көрсететін серігінің болуы жүкті әйелмен алдын-ала босану жоспарын құру кезінде келісіледі", - делінген министрлік хабарламасында.Босану кезінде әйелге көмектесетін серігі не істей алады:Жүкті әйел босанғаннан кейін серігі бірден нәрестені анасының ішіне жатқызады, жылы көрпе жабады, балаға жылы қалпақ кигізеді, содан кейін босанған келіншектің қалауы бойынша ол баланы қолына ала алады. Егер босану процесі аса ауыр өтпесе, серігі анасы мен баласын палатаға ертіп бара алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_eab6a8cbaa2c15b18b85d4efb12de2ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
босану, жаңа босанған әйел, босандыру бөлімі
босану, жаңа босанған әйел, босандыру бөлімі
Босану кезінде жүкті әйелге көмектесетін серігі не істей алады
Статистика бойынша елімізде әйелдер босану кезінде көбіне жанында аналарының болғанын қалайды екен
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелге босану кезінде көмектесетін серігінің болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Статистика бойынша елімізде әйелдер босану кезінде көбіне жанында аналарының болғанын қалайды екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулеріне сәйкес, босану кезінде жанында қолдайтын адамның болуы ананың да, баланың да денсаулығына жақсы әсер етеді. Әйел босану процесіне оңайырақ төзеді, өзін еркін сезінеді.
Қазақстанда акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарты бар. Осы стандартқа сәйкес, жүкті әйел босану палатасына жатқызылады. Аяғы ауыр келіншектің босануына психологиялық қолдау көрсететін жанындағы серігінде ауыр инфекциялық аурулар болмауы тиіс. Жүкті әйелге көмек көрсететін серігі босану палатасына таза киіммен және ауыстырып киетін аяқ киіммен жіберіледі.
"Босану кезінде қолдау көрсететін серігінің болуы жүкті әйелмен алдын-ала босану жоспарын құру кезінде келісіледі", - делінген министрлік хабарламасында.
Босану кезінде әйелге көмектесетін серігі не істей алады:
толғақтың ұзақтығын және олардың арасындағы уақыт аралығын өлшеу
босанған әйелдің қолын ұстау, су беру, терді сүрту
әйелге босану кезінде дұрыс дем алуға көмектесу
ауырсынуды басатын массаж жасау
дәретханаға немесе душқа апару
қажет болған жағдайда дәрігерді шақыру
Жүкті әйел босанғаннан кейін серігі бірден нәрестені анасының ішіне жатқызады, жылы көрпе жабады, балаға жылы қалпақ кигізеді, содан кейін босанған келіншектің қалауы бойынша ол баланы қолына ала алады. Егер босану процесі аса ауыр өтпесе, серігі анасы мен баласын палатаға ертіп бара алады.