https://sputnik.kz/20230816/aqsh-tyn-alemdegi-odaqtastary-azayyp-zhatyr-ma-37750421.html
АҚШ-тың әлемдегі одақтастары азайып жатыр ма
АҚШ-тың әлемдегі одақтастары азайып жатыр ма
Sputnik Қазақстан
Киевке басым бағыт беру арқылы Ақ үй серіктестерінен айырылып жатыр. Америкалық БАҚ осы мәселеге қатысты алаңдаушылық танытып жатыр. Әлеуетті одақтастар... 16.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-16T19:54+0500
2023-08-16T19:54+0500
2023-08-21T15:54+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/980/60/9806045_0:428:2675:1933_1920x0_80_0_0_2448c2be3588c7f97d82366a7edb39d7.jpg
Киевке басым бағыт беру арқылы Ақ үй серіктестерінен айырылып жатыр. Америкалық БАҚ осы мәселеге қатысты алаңдаушылық танытып жатыр. Әлеуетті одақтастар АҚШ-тың қарсыластары – Мәскеу мен Бейжіңді балама ретінде қарастыруы дабыл қағуға себеп, деп жазды РИА Новости.Newsweek басылымы басты тақырыпты Ресей мен Ливан арасындағы қарым-қатынасқа арнаған мақала жариялады. Автор атап өткендей, "Кремль Таяу Шығыстағы күшейіп келе жатқан ықпалын үнсіз пайдаланып қалуға тырысты". Бұл АҚШ-тың Украинадан басқа барлық маңызды сыртқы саясат салаларына немқұрайлы қарауына байланысты қалыптасты.Мәскеу үшін Бейрутпен жақындасу жаңа порттар мен сауда нарықтарына жол ашуы мүмкін. Newsweek шолушысы атап өткендей, бұл өз кезегінде Батыс санкцияларын айналып өтуге әкеледі. Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Игорь Матвеев Ресей Ливанның энергетикалық секторы мен табиғи ресурстарына қол жеткізуге, бірлескен жобаларды жандандыруға қабілетті екенін атап өтті.Бейрут – АҚШ-ты алаңдатып отырған Мәскеудің жалғыз одақтасы емес. Оның Таяу Шығыстағы белсенділігі Сириядағы тұрақтылық, Африка елдерімен және Парсы шығанағы мемлекеттерімен жақындасуды қамтиды. Сонымен бірге Мемлекеттік департаменттің өкілі Вашингтондағылар "Ресеймен тығыз қарым-қатынас жасау қаупіне баса назар аударатынын" айтты. "Біздің оның белсенділігіне алаңдаушылығымыз бір елге қатысты емес, жаһандық сипатқа ие", - деді ол.Бір апта бұрын The New York Times (NYT) Вашингтонның Таяу Шығыстағы позициясын жоғалтқаны туралы көлемді мақала жариялады. Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) назар аударылған."Өзінің байлығын орасан зор жаһандық ықпалға айналдырған Біріккен Араб Әмірліктерінің ұстанымдарына АҚШ-тың сыртқы саясаты, әсіресе Ресейді оқшаулап, Қытаймен байланысын шектеуі қайшы келеді", - деп жазды авторлар.Американың аймақтағы негізгі одақтасы шейх Мұхаммед бен Заид өткен жылы Ресейге екі рет барып, президент Владимир Путинмен кездесті. Ал маусым айында БАӘ "Ресей президентінің басты инвестициялық форумында, яғни Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында құрметті қонақ ретінде белгіленді, деп жазды басылым. Сонымен қатар шейх 2017 жылдан бері АҚШ-қа бармаған және содан бері проблемалар тек күшейе түсті. Мысалы, 2021 жылы БАӘ-ден F-35 жойғыш ұшақтарын сатып алу келісімі тоқтап қалды.Тамыз айында Әмірлік пен Қытай әуе күштері алғаш рет бірлескен жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр. Алайда бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктері қорғаныс мәселелерінде ең алдымен америкалық қолдауға сүйеніп келген. "Халықаралық тәртіпте біз көріп отырған жағдай міндетті түрде көпполярлы әлем емес, бірақ біз әлдеқайда өзгермелі әлемді көріп отырмыз", - деп Мұхаммед бен Заидтің дипломатиялық кеңесшісі Анвар Гаргаштың сөзін келтірді NYT басылымы. Ол өткен жылы батыстық гегемонияның "санаулы күні қалғанын" айтып, әлдеқайда өткір пікір білдірген болатын, деп жазды газет.Америкалық аналитиктер БАӘ шын мәнінде басқа елдер қолдап жатқан "сценарийді жазды" деп есептейді. Мысалы, Сауд Арабиясы Корольдігі де Вашингтоннан арқасын алыс ұстауға тырысып жатыр. Бұл жеке қарым-қатынаста байқалады – өткен жылы Парсы шығанағы елдерінің билеушілері Джо Байденмен тіпті телефон арқылы сөйлесуден және барлық сыртқы саясатты қайта қараудан бас тартты. Көктемде Сауд Арабиясы Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру бойынша келісім жасады және бұл Қытайдың делдалдығымен жүзеге асырылды. Тегеранға қысым көрсетуді жақтайтын америкалықтардың пікірі еленбеді.АҚШ сәтсіздіктерге тек Таяу Шығыста ғана тап болып жатқан жоқ. Вашингтон Латын Америкасында өз орнын жоғалтып жатыр. Ресей және Иранмен қарым-қатынасы шиеленіскеннен кейін АҚШ мұнай мәселесінде Венесуэланың қолдауын алуға тырысты. Боливар Республикасы ұзақ уақыт бойы АҚШ-тың санкцияларының ықпалында болды. Бұл шектеулерді біртіндеп алып тастаудың орнына Ақ үй Венесуэла мұнайына қол жеткізуге үміттенді.Алайда оппозициялық саясаткер Хуан Гуайдоны қолдауы сәтсіз болғаннан кейін президент Николас Мадуро билігін күшейте түсті. Ол қандай да бір жеңілдік жасауды қаламады. Кейбір батыс компаниялары республика аумағында мұнай өндіруге рұқсат алғанымен, АҚШ күткендей жақын байланыс болмады, деп мәлімдеді АҚШ-тың Венесуэла бойынша бұрынғы арнайы өкілі Эллиот Абрамс. Халықаралық қатынастар кеңесіне арналған басылымда (Нью-Йоркте орналасқан) Абрамс тіпті өз лауазымын қысқартып тастағанын еске салды. Яғни, Вашингтон мен Каракас арасындағы байланыс қазір бұрынғыға қарағанда әлсіз.Ресей және Қытаймен бірге БРИКС-ке кіретін Бразилия да азуын көрсетіп тұр. Латын Америкасы жаңа президенті Лула да Сильвамен бірге Украинадағы қақтығысқа қатысты бейтарап позиция ұстанып, Бейжіңмен ынтымақтастықты арттырып жатыр және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі болуға ұмтылуда. Мұндай сценарий жүзеге асса, вето құқығын алған бразилиялықтар халықаралық деңгейде америкашыл шешімдерді қабылдауға жаңа кедергі болады.Сонымен қатар проблемалар мейлінше аз болуы керек аймақта да америкалықтар күрделіліктерге тап болды. НАТО-дағы серіктес Түркия ұзақ жылдар бойы Ресейге қатысты ашық көзқараспен тәуелсіз сыртқы саясат жүргізіп келеді. АҚШ-тың сес көрсетуімен де, жойғыш ұшақтарды өндіру және жеткізу бағдарламасын шектеу сияқты тыйым салу шараларымен де Анкараға әсер ету мүмкін емес болды. Бұл ретте түріктер қазір бұрынғыдан да күшті ұстаныммен әрекет етуде. Солтүстік Атлантикалық альянстың болашағы президент Ердоғанның қолында тұр. Себебі Ақ үй рұқсат берсе де, дәл осы Түркия Швецияны блокқа кіргізбей тұр.АҚШ-тың ЕО-дағы серіктестері америкалық жасыл энергетика нарығындағы еуропалық жеткізушілердің құқықтарын шектейтін "Инфляцияны төмендету туралы заңға" алаңдап отыр. АҚШ-тың азиялық одақтастарының бірі – Оңтүстік Корея да еуропалықтардыкіне ұқсас осындай наразылық білдірді. Ал Тайвань төңірегіндегі шиеленістің күшеюіне байланысты өз жағдайына алаңдаған Жапония бұл мәселені өз қолына алуды ұйғарды. Сондыөқтан жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қыркүйек айында Қытаймен жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөз өтуі мүмкін.Қалай болғанда да АҚШ қазір Украинаға қатысты бағдарынан көпвекторлы сыртқы саясатқа қайта оралуға қабілетсіз. Өйткені Киевті қолдау 2024 жылғы президент сайлауына дайындықпен айналысқан америкалық саяси құрылымдардың ойлары бір жерден шығатын мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай жағдайда АҚШ-тан сырт айналған елдер саны азайып қана қоймай, көбейе түсуі әбден мүмкін.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/980/60/9806045_0:42:2675:2048_1920x0_80_0_0_603fba750eca8f68b02db3720e65cb98.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Киевке басым бағыт беру арқылы Ақ үй серіктестерінен айырылып жатыр. Америкалық БАҚ осы мәселеге қатысты алаңдаушылық танытып жатыр. Әлеуетті одақтастар АҚШ-тың қарсыластары – Мәскеу мен Бейжіңді балама ретінде қарастыруы дабыл қағуға себеп, деп жазды
РИА Новости.Newsweek басылымы басты тақырыпты Ресей мен Ливан арасындағы қарым-қатынасқа арнаған мақала жариялады. Автор атап өткендей, "Кремль Таяу Шығыстағы күшейіп келе жатқан ықпалын үнсіз пайдаланып қалуға тырысты". Бұл АҚШ-тың Украинадан басқа барлық маңызды сыртқы саясат салаларына немқұрайлы қарауына байланысты қалыптасты.
Мәскеу үшін Бейрутпен жақындасу жаңа порттар мен сауда нарықтарына жол ашуы мүмкін. Newsweek шолушысы атап өткендей, бұл өз кезегінде Батыс санкцияларын айналып өтуге әкеледі. Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Игорь Матвеев Ресей Ливанның энергетикалық секторы мен табиғи ресурстарына қол жеткізуге, бірлескен жобаларды жандандыруға қабілетті екенін атап өтті.
Бейрут – АҚШ-ты алаңдатып отырған Мәскеудің жалғыз одақтасы емес. Оның Таяу Шығыстағы белсенділігі Сириядағы тұрақтылық, Африка елдерімен және Парсы шығанағы мемлекеттерімен жақындасуды қамтиды. Сонымен бірге Мемлекеттік департаменттің өкілі Вашингтондағылар "Ресеймен тығыз қарым-қатынас жасау қаупіне баса назар аударатынын" айтты. "Біздің оның белсенділігіне алаңдаушылығымыз бір елге қатысты емес, жаһандық сипатқа ие", - деді ол.
Бір апта бұрын The New York Times (NYT) Вашингтонның Таяу Шығыстағы позициясын жоғалтқаны туралы көлемді мақала жариялады. Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) назар аударылған.
"Өзінің байлығын орасан зор жаһандық ықпалға айналдырған Біріккен Араб Әмірліктерінің ұстанымдарына АҚШ-тың сыртқы саясаты, әсіресе Ресейді оқшаулап, Қытаймен байланысын шектеуі қайшы келеді", - деп жазды авторлар.
Американың аймақтағы негізгі одақтасы шейх Мұхаммед бен Заид өткен жылы Ресейге екі рет барып, президент Владимир Путинмен кездесті. Ал маусым айында БАӘ "Ресей президентінің басты инвестициялық форумында, яғни Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында құрметті қонақ ретінде белгіленді, деп жазды басылым. Сонымен қатар шейх 2017 жылдан бері АҚШ-қа бармаған және содан бері проблемалар тек күшейе түсті. Мысалы, 2021 жылы БАӘ-ден F-35 жойғыш ұшақтарын сатып алу келісімі тоқтап қалды.
Тамыз айында Әмірлік пен Қытай әуе күштері алғаш рет бірлескен жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр. Алайда бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктері қорғаныс мәселелерінде ең алдымен америкалық қолдауға сүйеніп келген.
"Халықаралық тәртіпте біз көріп отырған жағдай міндетті түрде көпполярлы әлем емес, бірақ біз әлдеқайда өзгермелі әлемді көріп отырмыз", - деп Мұхаммед бен Заидтің дипломатиялық кеңесшісі Анвар Гаргаштың сөзін келтірді NYT басылымы. Ол өткен жылы батыстық гегемонияның "санаулы күні қалғанын" айтып, әлдеқайда өткір пікір білдірген болатын, деп жазды газет.
Америкалық аналитиктер БАӘ шын мәнінде басқа елдер қолдап жатқан "сценарийді жазды" деп есептейді. Мысалы, Сауд Арабиясы Корольдігі де Вашингтоннан арқасын алыс ұстауға тырысып жатыр. Бұл жеке қарым-қатынаста байқалады – өткен жылы Парсы шығанағы елдерінің билеушілері Джо Байденмен тіпті телефон арқылы сөйлесуден және барлық сыртқы саясатты қайта қараудан бас тартты. Көктемде Сауд Арабиясы Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру бойынша келісім жасады және бұл Қытайдың делдалдығымен жүзеге асырылды. Тегеранға қысым көрсетуді жақтайтын америкалықтардың пікірі еленбеді.
АҚШ сәтсіздіктерге тек Таяу Шығыста ғана тап болып жатқан жоқ. Вашингтон Латын Америкасында өз орнын жоғалтып жатыр. Ресей және Иранмен қарым-қатынасы шиеленіскеннен кейін АҚШ мұнай мәселесінде Венесуэланың қолдауын алуға тырысты. Боливар Республикасы ұзақ уақыт бойы АҚШ-тың санкцияларының ықпалында болды. Бұл шектеулерді біртіндеп алып тастаудың орнына Ақ үй Венесуэла мұнайына қол жеткізуге үміттенді.
Алайда оппозициялық саясаткер Хуан Гуайдоны қолдауы сәтсіз болғаннан кейін президент Николас Мадуро билігін күшейте түсті. Ол қандай да бір жеңілдік жасауды қаламады. Кейбір батыс компаниялары республика аумағында мұнай өндіруге рұқсат алғанымен, АҚШ күткендей жақын байланыс болмады, деп мәлімдеді АҚШ-тың Венесуэла бойынша бұрынғы арнайы өкілі Эллиот Абрамс. Халықаралық қатынастар кеңесіне арналған басылымда (Нью-Йоркте орналасқан) Абрамс тіпті өз лауазымын қысқартып тастағанын еске салды. Яғни, Вашингтон мен Каракас арасындағы байланыс қазір бұрынғыға қарағанда әлсіз.
Ресей және Қытаймен бірге БРИКС-ке кіретін Бразилия да азуын көрсетіп тұр. Латын Америкасы жаңа президенті Лула да Сильвамен бірге Украинадағы қақтығысқа қатысты бейтарап позиция ұстанып, Бейжіңмен ынтымақтастықты арттырып жатыр және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі болуға ұмтылуда. Мұндай сценарий жүзеге асса, вето құқығын алған бразилиялықтар халықаралық деңгейде америкашыл шешімдерді қабылдауға жаңа кедергі болады.
Сонымен қатар проблемалар мейлінше аз болуы керек аймақта да америкалықтар күрделіліктерге тап болды. НАТО-дағы серіктес Түркия ұзақ жылдар бойы Ресейге қатысты ашық көзқараспен тәуелсіз сыртқы саясат жүргізіп келеді. АҚШ-тың сес көрсетуімен де, жойғыш ұшақтарды өндіру және жеткізу бағдарламасын шектеу сияқты тыйым салу шараларымен де Анкараға әсер ету мүмкін емес болды. Бұл ретте түріктер қазір бұрынғыдан да күшті ұстаныммен әрекет етуде. Солтүстік Атлантикалық альянстың болашағы президент Ердоғанның қолында тұр. Себебі Ақ үй рұқсат берсе де, дәл осы Түркия Швецияны блокқа кіргізбей тұр.
АҚШ-тың ЕО-дағы серіктестері америкалық жасыл энергетика нарығындағы еуропалық жеткізушілердің құқықтарын шектейтін "Инфляцияны төмендету туралы заңға" алаңдап отыр. АҚШ-тың азиялық одақтастарының бірі – Оңтүстік Корея да еуропалықтардыкіне ұқсас осындай наразылық білдірді. Ал Тайвань төңірегіндегі шиеленістің күшеюіне байланысты өз жағдайына алаңдаған Жапония бұл мәселені өз қолына алуды ұйғарды. Сондыөқтан жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қыркүйек айында Қытаймен жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөз өтуі мүмкін.
Қалай болғанда да АҚШ қазір Украинаға қатысты бағдарынан көпвекторлы сыртқы саясатқа қайта оралуға қабілетсіз. Өйткені Киевті қолдау 2024 жылғы президент сайлауына дайындықпен айналысқан америкалық саяси құрылымдардың ойлары бір жерден шығатын мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай жағдайда АҚШ-тан сырт айналған елдер саны азайып қана қоймай, көбейе түсуі әбден мүмкін.