Жаңа оқу жылында колледж студенттеріне арналған 13 жатақхана ашылады

Жатақхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жатақхана ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайдыоқу-ағарту министрлігі.
Министрлік мәліметінше, оның ішінде, 960 орындық 4 жатақхана жаңа оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілді.
Жаңа жатақханалар Талдықорған музыка колледжінде, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде, Алматы құрылыс-монтаж колледжі мен Алматы сән және дизайн колледжінде ашылды.
"Осы жылдың аяғына дейін Шымкент, Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қалған 1512 орындық 9 жатақхананы ашу көзделуде. Бұл шаралардың барлығы техникалық және кәсіби білімнің қол жетімділігі мен сапасын арттыруға, колледж студенттерінің жатақханада тұру жағдайын жақсартуға бағытталып отыр", - делінген хабарламада.
Атап өтерлігі, бүгінде ел бойынша колледж студенттерінің 85 пайызы жатақханамен қамтамасыз етілген.
Жаңалықтар
0